Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Кепілде тұрған автокөлікті алып беруге уәде еткен алаяқ ұсталды

Кепілде тұрған автокөлікті алып беруге уәде еткен алаяқ ұсталды


Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада Криминалдық полиция басқармасының қызметшілері жедел іздестіру іс-шаралары барысында 28 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді. Бұл туралы ПД-ның баспасөз қызметі хабарлады.

Ол бірнеше рет алаяқтық жасаған деп айыпталуда.

«Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты 5 алаяқтық факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Тергеу барысында белгілі болғаны ол жәбірленушілерге банкте кепілде тұрған автокөліктерін алып беремін деп уәде еткен», - деп жазылған ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция қызметкерлері құрықтаған ер адам елордадағы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. 
Фото Полиция департаментінен алынды

Суреттегі тұлғаның құқыққа қарсы әрекетінен зардап шеккен азаматтар болса, Нұр-Сұлтан қаласының Бейбітшілік көшесі, 19 мекенжайында орналасқан Полиция департаментіне 8 (7172) 71-60-24; 71-60-69, 8 701 533 57 58, 8 702 555 93 23 телефон нөмірлері арқылы немесе «102» нөміріне хабарласуға болады. 
18 шілде 2019 ж. 830 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (9350)

01 қараша 2025 ж.

№82 (9349)

29 қазан 2025 ж.

№81 (9348)

25 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930