Өскен өңір Шиелi аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Алматыда ірі көлемде ақша ұрлаған Қырғызстан азаматы ұсталды

Алматыда ірі көлемде ақша ұрлаған Қырғызстан азаматы ұсталды


Алматы, BAQ.KZ. Жөндеу жұмысын жасауға келген қырғызстандық 34 жастағы алматылық әйелдің 164 мың долларын ұрлап әкеткен. Бұл туралы Алматы қаласы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.


Жер телімін және қаладағы пәтерін сатқан Алматы тұрғыны ірі көлемдегі ақшаны үйіндегі гаражына жасырған. Алайда моншасына жөндеу жұмыстарын жасатқанда ақшасын басқа жерге тығуды аңғармаған.
Әйелдің айтуынша, жөндеу жұмыстарын жасап жатқан екі адамның бірі аяқ астынан жұмыс істеуден бас тартып, телефонын өшіріп тастаған. Екіншісіне жұмысты аяқтаған соң 100 мың теңгесін төлеген. Содан кейін барып қана ол жасырған ақшасын тексерген, алайда ол орнында болмай шықты. Жедел-тергеу тобы 1984 жылы туған А. есімді Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады.
«Ол Алматы орталығындағы жалдамалы пәтерінде ұсталды. Ақшаның жартысы сол жерде болды, қалғанын күдікті Алматы облысы территориясына тығып үлгерген, ол да табылды. Тағы бір бөлігін ол анасына жібергенін айтты. Бұл ақпаратты біз қазір тексеріп жатырмыз. Қазіргі уақытта күдікті уақытша оқшаулау изоляторына қамалды», - дейді Алматы ПД-нің Қылмыстық полиция басқармасының басшысы полиция полковнигі Есен Ысқақов.
02 шілде 2019 ж. 53 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№54 (8705)

16 шілде 2019 ж.

№53 (8704)

12 шілде 2019 ж.

№52 (8703)

10 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам