Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ДЕНИС ТЕННІҢ ӨЛІМІНЕ КҮДІКТІЛЕРДІҢ БІРЕУІ ҰСТАЛДЫ

ДЕНИС ТЕННІҢ ӨЛІМІНЕ КҮДІКТІЛЕРДІҢ БІРЕУІ ҰСТАЛДЫ


Қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Теннің өліміне күдіктілердің кім екені белгілі болды деп хабарлайды Қазақпарат ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бүгін ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, күдіктілердің кім екені арнайы жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде анықталып отыр. Күдіктілердің бірі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екінші күдіктіні ұстау бойынша тиісті іздестіру шаралары атқарылуда. Өзге ақпараттар тергеу жұмыстарына байланысты құпия болып отыр
syr-media.kz
20 шілде 2018 ж. 948 0