
АБЫСЫН ТАТУ БОЛСА...
Айтар ойын астарлап, пікірін мақал-мәтелмен көркемдеп жеткізу дана қазақтың қанында бар қасиет қой. Біле білген адамға үлкен сөздің түйіні һәм тәрбиесі жатыр. Бір мақалдың өзінен жіктеп-жіліктеп бір роман, тіпті, бір кітап жазуға да болады. Айталық, «абысын тату болса – ас көп, ағайын тату болса – ат көп»...









