Ертегі айтып жүрсіз бе?
Кезінде атақты ғалым Альберт Эйнштейн «Балам ақылды болсын десең, ертегі оқы. Егер, ғұлама болсын десең, онда көп ертегі оқы» деген екен. Өйткені, ертегі оқып, тыңдап өскен баланың қиялы жүйрік болады, әрі, ертегі мен кітапқа деген қызығушылығы артады.
Біз ғылымның жетістігі деп тамсанып жүрген заманауи технологиялар адамзатқа бұрыннан таныс дүниелер дегенге сенер ме едіңіз? Сенбесеңіз ертегі кітабын алып, парақтап шығыңыз. Мәселен, «Мақта қыз», «Патша мен бүркіт», «Бай мен баласы». «Ертөстік, Алпамыс» сияқты ертегі кітаптары бала қиялына қанат бітіріп, сол сиқырлы дүниенің шынайы болмысын жасап, балаларды батырлыққа баулиды. Иә, бесік әлдиімен анасының тілін санасына сіңіріп өскен сәбидің еңбегі қатайып, тілі шыққаннан ата-әжесінің ертегісімен есі кіріпті.
Біз ғылымның жетістігі деп тамсанып жүрген заманауи технологиялар адамзатқа бұрыннан таныс дүниелер дегенге сенер ме едіңіз? Сенбесеңіз ертегі кітабын алып, парақтап шығыңыз. Мәселен, «Мақта қыз», «Патша мен бүркіт», «Бай мен баласы». «Ертөстік, Алпамыс» сияқты ертегі кітаптары бала қиялына қанат бітіріп, сол сиқырлы дүниенің шынайы болмысын жасап, балаларды батырлыққа баулиды. Иә, бесік әлдиімен анасының тілін санасына сіңіріп өскен сәбидің еңбегі қатайып, тілі шыққаннан ата-әжесінің ертегісімен есі кіріпті.
Расында, ертегі тыңдап өскен баланың ойы жүйрік, ақылы толымды болады. Оған бола психолог мамандардың кеңесіне құлақ түрудің немесе ойшылдар еңбегінің әр жерінен үзіп-жұлып дәлел келтірудің қажеті шамалы. Ұрпағының тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған халқымыз балаға есі кіргенше ертегі айту – олардың келешегін қалыптастырудың алғашқы баспалдағы екенін білген.
Адамның қолынан келмейтін, мүмкін емес нәрсе жоқ. Бәрі мүмкін. Тек, қиялға ерік беріп, іске асырудың жолын іздесеңіз жетіп жатыр. Ал, ертегі – сол қиялды қозғайтын күш. Әлемдегі табысты жандардың өмірбаяндарына зер салсаңыз, барлығы өз жетістіктерін бала кезінде оқыған кітаптармен байланыстырады. Яғни, ертегіден шабыт алып, тыңдап өскен бала болашақ өміріне бағыт қалыптастыра алады. Кейіпкердің батыр тұлғасына қарап, үлгі алады, бой түзейді. Бір сөзбен айтқанда, ертегі – тәрбие құралы.
Осы тұста бізде бүгінгі әжелерді сөзге тартып көрген едік.
Ұлғанай Сейтжанова, көпбалалы ана:
– Ертегі айтып отыру баланың санасын сергітіп, ойын қалыптастырады. Сондай-ақ, түнгі ұйқы алдында балаға ертегі айтып беру өте пайдалы, бір жағынан баланы шынайылыққа, адалдыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді.
Зеріп Сәрсенқызы, әже:
– Мен түнде үнемі немерелеріме ертегі айтып беремін. Күнделікті ертегіні тыңдап өскен бала жамандық пен жақсылықты ажырата біледі. Мынау қазіргі теледидар мен смартфоннан көретіндері атыс-шабыстар. Ол баланың психологиясын бұзады. Сондықтан, барлық әжелерге айтарым немерелеріңізге ұлттық құндылықтарды үйреткеніңіз абзал.
Құралай Құлманова, жас ана:
– Мен жатар алдында балдарымды ертегі айтып ұйықтатамын. Кейде ойдан құрастырып та айтамын. Арасында ертегім бітіп қалған кезде қызым өзі жалғастырып әкетеді. Қазіргі баланың ойы ұшқыр емес пе?! Тіпті, өзіңнен асып кететін кезі де болады.
Күлжамал Ізбасарова, әже:
– Түнде немерелеріме ертегі айтып берсем, күнде бір мезгіл кітап оқып беремін, түрлі өлеңдер жаттатқызамын. Ертегі баланы ізгілікке, адамгершілікке тәрбиелейді. Оны тыңдау арқылы барлық тіршілік иесі мен табиғатты аялауды түсінеді. Жан-жақты болуға, ойын шыңдауға, өзіндік пікір қалыптастыруға үйретеді.
Иә, «Тәрбие – тал бесіктен» деген қазаққа ұлттық құндылығымыз жоғалмасын десеңіз ертегі айтыңыз.
Шапағат Тілеубаев