Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ертегі – сәби тәрбиесінің бастауы

Ертегі – сәби тәрбиесінің бастауы

Атырау қаласында «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты филиалының ұйымдастыруымен жас аналар арасында «Ертегі – сәби тәрбиесінің бастауы!» атты облыстық байқау өтті.
Ертегі арқылы ұлттық құнды­лық­тарымызды, салт-дәстүрімізді, ерлік пен елдікті, байлық пен бақытты насихаттауға, ұлықтауға арналған шараға қала, аудандардан барлығы 10 жас келін қатысып, бақтарын сынады. Шараның өту барысын қадағалап, бақылап, бүгінгі қазақ келіндерінің бет бейнесін, ертегі айту мәнерін сарапқа салған қазылардың құрамында танымал өнер адамдары, қоғам қайраткерлері, ақындар мен жастар ұйымдарының жетекшілері болды. Байқаудың қорытындысында жеңімпаздар алғыс хаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Соңғы кезде өмірге келген нәрес­тенің жаһанданудың жағымсыз у-шуымен жақын араласып өсетіні жасырын емес. Бесіктегі нәрестесіне «Бесік жырын» айтатын келіншектердің де, ертегі айтып, ұлттық тәрбиенің уызымен қоректендіретін әжелеріміздің де қатары сиреп кеткені рас. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген даналықты есте ұстасақ, қазақтың қаймағы сақталған Атырау жерінде ертегі айтатын жас аналардың арасында ертегі, айтудан байқау өткізген өнегелі үрдіс өзге өңірлерде де өркен жайып жатса, шіркін, деген ой көңілге оралады екен.
Р.Нұрбекұлы
20 қараша 2017 ж. 1 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031