ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
"AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының мәжіліс залында Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді.Партиялық бақылау комиссиясының отырысына аудандық мәслихат төрағасы, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты. Комиссия отырысын «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мырзабеков Насырбек Аябекұлы жүргізіп отырды.
Партиялық бақылау комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес төрт мәселе ұсынылды.
1. Жол картасындағы әлеуметтік санаттағы азаматтар мен жастарды қолдау бағыты бойынша Шиелі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының есебін тыңдау туралы;
2. «AMANAT» партиясының 2023 - 2027 ж.ж. арналған Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының мәдени объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бағыты бойынша Шиелі аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының есебін тыңдау туралы;
3. Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Талаптан ауылдық округі әкімінің есебін тыңдау туралы;
4. Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Тартоғай ауылдық округі әкімінің есебін тыңдау туралы;
Партиялық бақылау комиссиясының отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша барлық хабарламалар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.







