ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ
"AMANAT" партиясы Шиелі аудандық филиалының мәжіліс залында Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді.Партиялық бақылау комиссиясының отырысына аудандық мәслихат төрағасы, партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты. Комиссия отырысын «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мырзабеков Насырбек Аябекұлы жүргізіп отырды.
Партиялық бақылау комиссия отырысының күн тәртібіне сәйкес төрт мәселе ұсынылды.
1. Жол картасындағы Денсаулық сақтау қызметінің қолжетімділігін арттыру бағыты бойынша Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің есебін тыңдау туралы;
2. Жол картасындағы Бұқаралық спортты дамыту бағыты бойынша Шиелі аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі басшысының есебін тыңдау туралы;
3. Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жиделіарық ауылдық округі әкімінің есебін тыңдау туралы;
4. Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша Жөлек ауылдық округі әкімінің есебін тыңдау туралы;
Партиялық бақылау комиссиясының отырысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша барлық хабарламалар тыңдалып, тиісті шешімдер қабылданды.







