Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Израильде жасөспірімдер екпе қабылдап жатыр

Израильде жасөспірімдер екпе қабылдап жатыр

Израильде жасы 12-ден асқан балаларға екпе салу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Бұған дейін мұнда 16-ға толған жеткіншектер вакцина қабылдаған. Жалпы Израиль – әлемде вакциналау науқаны бойынша жақсы нәтиже көрсетіп отырған елдердің бірі. Мұнда екпенің қажетті екі дозасын халықтың жартысынан астамы, дәлірек айтсақ, 55%-ы алып қойған. Сондықтан елде шектеу шаралары алынып, вирус жұқтыру деректері айтарлықтай азайған. 
Қытайда да жасы 3-тен асқан балаларға коронавирусқа қарсы екпе қабылдауға рұқсат берілді. Негізі көрші мемлекет салынған вакцина саны бойынша әлемде бірінші орында тұр. Мұндағы көрсеткіш 800 миллионға таяп қалды. Билік жыл соңына дейін халықтың 80%-ын екпемен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.

https://baq.kz​​​
07 маусым 2021 ж. 516 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31