Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елена Рыбакина Miami турнирінің жартылай финалында Соболенкоға есе жіберді

Елена Рыбакина Miami турнирінің жартылай финалында Соболенкоға есе жіберді

Елена Рыбакина Miami турнирінің жартылай финалында Соболенкоға есе жібердіӘлемнің екінші ракеткасы атанған отандасымыз, теннисші Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы беделді турнирдің финалына шыға алмады, деп жазады Egemen.kz.

Жартылай финалда Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкоға екі сетте есе жіберді – 4:6, 3:6. Бұл – қос теннисшінің өзара 17-ші кездесуі. Осылайша, жеке кездесулердегі жалпы есеп 10:7 болып, Соболенконың пайдасына шешілді.
Ал Miami Open турнирінің екінші жартылай финалында америкалық теннисші Кори Гауфф чехиялық Каролина Мухованы айқын басымдықпен ұтты – 6:1, 6:1. Нәтижесінде, турнир финалында Гауфф пен Соболенко чемпиондық атақты сарапқа салады.
Майамидегі сәтті өнерінен кейін Кори Гауфф WTA рейтингінде үшінші орынға көтеріліп, бұл позициядан польшалық Ига Швёнтекті ығыстырмақ.

27 наурыз 2026 ж. 703 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (9435)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930