Донор болудың пайдасы қандай?
Көптеген адамдар донор болу денсаулыққа қауіпті депесептейді. Қарапайым қан беру процесіне қатысты шындықтан гөрі аңызға көбірек сүйенеді.
Осыған орай қан беруге қатысты ең жиі қойылатын сұрақтарға Денсаулық сақтау министрлігінің Трансфузиология ғылыми өндірістік орталығының қоғаммен байланыс және халықаралық әріптестік бөлімінің меңгерушісі Әсемгүл Шарипова жауап берген еді.Кез келген адам донор бола ала ма?
«Донор» деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда «сыйлау» дегенді білдіреді. Сондықтан донор болған адам өзінің ең құнды дүниесі қанын сыйлай отырып, басқа адамға өмір сүруге мүмкіндік те беретінін білсе екен дейміз. Алайда кез келген адам ниеті болса да донор бола алмайды. Оның бекітілген нақты талаптары бар. Ол үшін қан орталығында белгілі бір тексеруден өтеді және қанына талдау жасалады. Мысалы тек салмағы 50 келіден аз емес, жасы 18-ден асқан адамдар ғана қан бере алады. Сонымен қатар қан және оның компоненттерін тапсыру үшін жақында болған түрлі аурулар, операциялар, әлемнің кейбір жерлеріне бару - мұның барлығы донорлықтан уақытша немесе абсолюттік шеттетуге негіз болады. Донорлыққа тек қауіпсіз және нормаларға сай келетін қан алынады.Абсолюттік қарсы көрсетілімдерге толығырақ тоқталып кетсеңіз...
ЖИТС, АИТВ инфекциясын тасымалдау, мерез, туа біткен немесе жүре пайда болған вирустық гепатиттер, туберкулездің барлық түрлері, бруцеллез, бөртпе сүзегі, сондай-ақ паразиттік аурулардың түрлері сияқты инфекциялық аурулармен ауру донорлыққа мүлдем қарсы көрсетілім болып саналады. Сонымен қатар қатерлі ісіктері бар, психикасының бұзылысқа, қан ауруларынан және нашақорлыққа, алкоголизмге, сондай-ақ есту мен сөйлеудің қабілетінін жоқтығына шалдыққан науқастар донор бола алмайды. Донар болуға жүрек-тамырлар аурулары, тыныс алу органдары, бауыр мен өт жолдарының ауыр патологиялары, бауыр, бүйрек және несеп шығару жолдарының декомпенсация кезеңіндегі созылмалы ауруларға, сәуле ауруына шалдыққан азаматтар мүлдем жіберілмейді. Сондай-ақ эндокриндік жүйе аурулары, ЛОР-ағзаларының аурулары, көздің күрделі аурулары, терінің қабыну және инфекциялық сипаттағы бірқатар аурулары, жедел және созылмалы остеомиелит жатады.Донор болған адамға қанша күн демалыс беріледі?
Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексіне сәйкес, қан тапсырған донор сол күнге жұмыстан босатылады. Сонымен қатар оған берілген анықтама негізінде тағы бір күн жалақысы сақталатын демалыс алуға құқылы. о Егер донор сол күні өз еркімен жұмысқа шықса, жұмыс берушімен келісіп демалысын аптаның басқа күндері алуға немесе еңбек демаласына қосып алуға құқылы. Донор болған адам өзінің қан тобы мен оның құрамын және ЖИТС, АИТВ инфекциясының бар-жоқтың тегін біле алады. Қан тапсырған күннің ертеңінде келіп талдау қортындыларын қолына тегін ала алады.Қанды ай сайын тапсыруға бола ма?
Ерлер үшін екі айда бір рет донор болуға болады. Ал әйелдер үш айда бір рет қан тапсыру интервалын сақтау керек.Қан тапсыру ағзаға қаншылықты зиянды?
Денсаулықта қарсы көрсетілімдер болмаса, қан құрамы талаптарға сай келсе донорлықтың ағзаға зияны жоқ. Бұл артық салмағы бар жандар үшін керісінше пайдалы. Бұл тұжырымға қатысты көптеген пікірлер бар болғанымен америкалық ғалымдардың зерттеулері артық салмақтан зардап шегетіндер үшін донор болудың жағымды жақтары жайлы жиі айтып жүр. Зерттеулерге сүйенсек, бұл жүрек, қан тамырлары ауруларының алдын алу мен иммунитеттің жоғарылауына септігін тигізеді. Екіншіден, қан тапсырған адам өзі қан жоғалту жағдайына тап болса оның тез қалпына келу мүмкіндігі жоғары. Өйткені ағзасы қан алу процесі кезінде шынығудан өткен.https://baq.kz