
БҰРЫМЫҢ ҚАЙДА, БОЙЖЕТКЕН?
Қазақ қызы десе көз алдымызға қос бұрымы өрілген, қазақы нақышта киінген, қылығы мен келбеті жарасым тапқан қыз елестейді. Себебі бұрынғылар қыздың бұрымына қатты мән берген. Яғни, ауыл адамдары шашты қасиетті санап, оған айрықша мән берген, түрлі ырым-тиымдар жасап, қыздың бұрымына қайшы тигізбеген. Ал...












