Ардагер әйел-аналар ардақталды

Зиялы жандардың бастауымен жүзеге асқан бұл игілікті іс ақ жаулықты абзал аналардың мерейлерін үстем етіп, көңілдерін аулауға үлкен сеп болды. Айтулы күні құрметке бөленген нәзік жандылардыңқатарында бүгінде халықтың қадірлісі, әулетінің ардақтысы болып отырған 36 ардагер әйел-ана бар. Бұл жандар – әуелі қайсар болмысты әйел заты, бүгінде бір отбасының ғана емес, бір елдің анасына айналған, қайсысы болмасын еліне риясыз қызмет етіп, еңбегі сіңген, жомарт жүректерінен жылу төгілген асыл жандар, ардақты тұлғалар. Сондықтан оларға көрсетілетін құрмет пен айтар алғыс шексіз болуға тиіс.
«Қарттарымыз – қазынамыз» дейтін халықпыз. Даналық пен өмір тәжірибесінің қайнар көзіне айналған, ақ жаулығын кір шалмаған ардагерлердің көңілі алтыннан қымбат. Оларды құрмет төріне шығарып, жүздеріне қуаныш сыйлаған мереке қарсаңындағы бұл көңіл толқытарлық іс те көпке үлгі боларлықтай.
Таслима ӘЛІШЕР