«БАСТАУ БИЗНЕСТІҢ» БЕРЕРІ МОЛ
Елімізде қолға алынған «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Еңбек» бағдарламасы, кәсіпкерлікті дамыту мақсатындағы «Бастау-Бизнес» бағдарламаларының түпкі мақсаты да жұмыссыздықты жойып, табысты ауылдардың санын арттыру болатын.
Жұмыссыз, басы артық қаржысы жоқ ауыл адамына ең тиімдісі – «Бастау-Бизнес» жобасы. 2019 жылдан бастап ел аумағында іске асырылып жатқан осы жобаның мақсаты – табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз жұмыссыздарды, өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды, техникалық және кәсіптік білімі жоқ немесе біліктіліктері төмен жұмыс орындарында істейтін азаматтарды оқытып, өз кәсіптерін ашуға көмектесу. Біраз жылдан бері кедейліктің ең шегінде күнкөрістері өте төмен мұқтаж жандарға, соның ішінде жұмыссыз қыз-келіншектерге жақсы қолдау болды. Мәселен, өткен жылы «Бастау-Бизнес» кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан 1587 азамат онлайн түрде оқып, сертификаттарын алған. Сондай-ақ 2022 жылы аудандық жұмыспен қамту орталығына 723 азамат жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, оның 689-ы тұрақты жұмыспен және жұмыспен қамтудың мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған.

– Екі қолға бір күрек ұстап, іс қылсам деген жұмыссыздарға қолдау әркез де бар. 2021 жылдың 1 маусымына тіркелген шағын және орта кәсіпкерліктің саны 5 309 субъектіге жетіп, тиісті кезеңмен салыстырған 113,9 процентке артты. Бүгінге дейін 18-29 жас аралығындағы 876 жас кәсіпкер тіркеліп отыр. Айта кету керек, өткен жылы 381 адамға оның ішінде 18 бен 29 жас аралығындағы 183 жасқа, 21 еңбекке қабілетті мүгедектігі бар жанға, 114 көпбалалы отбасы ретінде жәрдемақы алушыларға, 27 мүгедектігі бар бала қараушыларға, 8 асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушыларға, 28 тұрмысы төмен атаулы көмек алушы азаматтарға 446 млн 801 мың теңге қайтарымсыз гранттар берілді. Тиісінше азаматтар жеке, дара кәсіпкер ретінде тіркелу арқылы өз кәсіптерін ашуда, – дейді аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы А.Алдабергенов.
2018-2021 жылдар аралығында жоба аясында «Fast food» орталығын, сұлулық салонын, автокөлік жөндеу шеберханасымен жуу орталығын, дәнекерлеу цехын, жартылай фабрикат өнімдерін өндіру цехын, кондитер цехын, жиһаз жасау және тігін цехын ашу, жем-шөп дақылдарын өсіру, жылқы, мал, омарта, құс шаруашылығын ашу бағытында 1635 адамға 854 млн 843 мың теңге қайтарымсыз мемлекеттік гранты берілді. Ал осы жылға 149 азаматқа 400 АЕК (1 380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларға мемлекеттік грант беру жоспарланған. Өкінішке қарай, биыл жастар санатына жататын азаматтар қатыса алмайды. Оларға 2,5 проценттік жеңілдетілген несие бағдарламасына қатысуға мүмкіндік бар.
С.БАХТИЯРҚЫЗЫ