Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел ертеңі – бәсекеге қабілетті жастар

Ел ертеңі – бәсекеге қабілетті жастар


«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдай­ындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталған тарихи құжат әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін шешуге тиіс негізгі он мәселені алды­мызға қойды. Елбасымыз жастар мәселесін де назардан тыс қалдырған емес. Биылғы Жолдауында да барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет екендігі ескертті. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс деп айтып өтті.
«Алма піс, аузыма түс» дейтін заманның әлдеқайда кетіп қалғанын атап көрсеткен Елбасымыз жастарды нәтижелі жұмысқа тарту үшін мемлекет мол мүмкіндік жасап жатқанын атады. Жеке кәсіп бастауына, қайта даярлауға жасалып жатқан жұмыстар нәтижесіз де емес. Жұмыссыз жастар масылдық ойдан арылып, мемлекет жасап отырған мүмкіндіктерді пайдалана білгені жөн.
Жолдауда жаңа технологияның сағат санап өсіп жатқан кезінде цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, кең жолақты интернетке қосу сөз болды. Мектептерімізді видеоқұрылғылармен жабдықтау жұмыстары әлі де жалғаса бермек. Бұл барлық қазақстандықтарға, оның ішінде шалғайдағы елді мекен тұрғындарына озық білім мен құзыреттілікке қол жеткізуге жол ашпақ. Қорыта келгенде Қазақстанның әлем елдері алдындағы бет бейнесін қалыптастыратын жастарға Елбасының сенімі зор екенін айтқым келеді. Бүгінгі қазақ жастарына бәсекеге қабілеттілік нақты тапсырма ретінде беріліп отыр.
Ынтымақ БОРАНБАЙҰЛЫ,
Жастар ресурстық орталығының кеңесшісі.
22 қаңтар 2018 ж. 2 102 0