Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақсы адам

Жақсы адам

Байлық – келерде ұзатылған қыздай, ал, кетерде қолда еріген мұздай. Сондықтан, бай болуды емес, ең бірінші адам болуды, білім алуды мақсат етіңдер. Бұл мен келін болып түскен шаңырақтағы әкемнің күнделікті айтып отыратын өсиеті.
Адам бойындағы асыл қасиеттер айналасындағыларға қашанда жарқырап көрініп тұрады. Осындай қасиеттерді мен әкемнің бойынан көріп, санама сіңіре білдім десем болады.Мектеп бітіргеніне 50 жылдан асса да бірге оқыған сыныптастарымен әлі күнге дейін хабарласып тұрады. «Адамды досына қарап таны» дегендей, Шиелідегі №45 «Ақ Орда» мектебінде бірге оқыған достарының ішінде әртіс, прокурор, ғалым, жазушы, агроном, мұғалім, кәсіпкер секілді барлық маман иелері бар. Солардың бірі менің әкем (қайын атам) – Кенжетай Палмағанбетов. Ол ұзақ жылдар ауылдағы №49 мектептің директоры қызметін абыроймен атқарды. Бүгінде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Әкемнің ең бірінші үлгі тұтар қасиеттері – әділ, адал, жауапкершілігі зор, жаны да, өзі де тап-таза және мәдениетті, сабырлы. Менің де кезінде қиналған сәттерімде барлығын сабырмен, ақылмен жеңуге болатынын ұғындырып, алға қарай ұмтылдырған, демеу берген болатын.
Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты – балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдіретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса, адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.

Бибігүл Сұлтанова.

16 наурыз 2019 ж. 948 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30