Мейірімді аңшы
Қар жауып, күн суыта сала әкем мылтығын асынып, орманға қарай бет алатын. Үйдің еркесі болған соң ба, әкемді қимай қыпылықтап сала беретінмін! Борап тұрған қардан адам бейнесі көрінер емес. Көзіме жас келіп, әкеме алаңдай бастадым. Бұл уақытта анам бойымды жылытты да маңдайымнан емірене сүйіп:– Әкең аң аулауға кетті. Алла қаласа күн қайтар уақытта келіп қалар, – деп мән-жайды баяндады. Әншейінде даладан шуылдаған балалардың дауысы жарқын шығатын, бүгін жым-жырт бола қалған. Басымды көтердім де терезеге елеңдеумен болдым. Көшеде кісі аяғы көрінер емес. Кенет сонау қырдың басынан екі ер адамның бейнесі байқалды. Үйге қарай беттеп келе жатыр. Мүмкін бірі әкем болар деген ой келді. Сықырлап есік ашыла сала, сыртқа қарай беттедім. Келіп тұрған әкемнің достары екен. Орманға қарай жол нұсқауды сұрағанында, менде бірге баруды ойладым. Анам жолды түсіндіріп жатқанда күртешемді кидім де, анамның рұқсатын алып, орманға қарай бет алдық. Сықырлаған қарды басып, әлгі екі кісінің ізімен жүріп келе жатырмын. Күбір-күбір әңгімелесуде. Кенет бір сөзді құлағым шалып қалды.
– Әлгі жолы түлкіні қалай аттым әәәә! Еее пәтшағар! Мергенмін ғой, – деген де екі көзім, төрт көз болды. Кішкентайымнан жануарларды жақсы көретінмін. Жануарлар ауырып қалса, жаным ашып, жылып та алатынмын. Әкемнің досының түлкіні қалай атқанына сене алар емеспін. «Кісіні досына қарап таны» демекші әкемнің достары осындай болса, әкемде сондай қатігез екен деген ой келді. Жол бойы әлгі кісінің сөзі құлағыма жаңғырық болды. Кенет мылтық атылғанын естідім. Орманның ішінде әкем ғана бар екенін, байғұс аңдарды сұлатып салғанын, жануарлардың қиналғанын көзіме елестетіп жатырмын. Қасқырдың уылдаған дауысы орман ішінде қатты естілуде. Бойымды үрей мен қорқыныш бойлай бастады. Тысқарыдан әкемнің даусы естілді. Дауыс шыққан жолға қарай беттедік. Әкем мені көргенде таңғалып, қатулы қабағымен қарады да, мені көтеріп алып алға қарай жүре берді. Кеш қарайып, аязды күн одан бетер құтыра жөнелді. Орман ортасында отын жағып, әңгіме-дүкен құрған ерлердің түрлері кенеттен бұзыла түскендей. Мылтықтарын қолдарына алып, жан-жақтарына жалтақтай бастады. Қалың қамыстың арасынан жүгіріп жүрген ақбөкеңді көзім шала бергенде соңында ерген кішкентай бөкендері бар екенін байқадым. Бірін-бірі қуып ойнап жүрген бөкендерге әкем де қызыға қарап тұр екен. Мылтығын оқтап, бөкенге дәлдеген әкемнің досын көргенде көзімнен еріксіз жас шықты. Дәлдеп тұрған мылтықты әкем қағып жіберіп еді, досы екеуі біраз сөзге келіп қалды. Әкемнің түрі мен қабағы қатулы болғанына қарап, қатігез деп ойлағаным бекер екендігіне, мейірімді аңшы екендігіне көзім жеткендей болды. Досымен сөзге келіп қалса да, ақбөкеңді қорғауға ұмтылғаны мені қуантты.
Айгерім ӘЛІШЕР,
11 сынып оқушысы.