Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жан жылуын аямаған

Жан жылуын аямаған


Жазушы Әзілхан Нұршайықовтың зайыбы Халима дәрігерлерді жердегі тәңірлерге теңеп, ауруханаға жатқан сайын оларға алғысын айтып, батасын беріп жүріпті. Бұл ісін Әз аға және өзгелерге: «Олар мені инесімен ғана емес, жан жылуымен де емдеді» деп түсіндіріпті. Расымен, медицина саласының мамандары дертіне дауа,­­ жанына сауға іздеп келгендерді дәрі-дәрмекпен ғана емес, көңілге медеу болар жылы қолдауларымен де емдейді. Бұл сөзімізді дертіне шипа тап­­қан әрбір жан мақұлдайтын еді. Ал, ауданның тұрғыны Бақытжан Ақайдарұлы өмірдің тәлкегіне түссе де, мойымай сынақ деп сабырлық танытып, шыдаған азамат. Еміне араша түскен ақ халаттыларға алғысы тіп­­тен бөлек.
Ай сайын Шиелі ауданының емханаларында емделуге мәжбүр болған Бақытжан Бураханов дәрігерлердің аялы алақандарының арқасында үмітінің үзілмей келе жатқанын айтады. Осы орайда 1 наурыз алғыс айту күнін пайдаланып, қолы алтын, сөзі дәру мамандарға өз ықыласын білдіргісі келеді.
Дәрігерлердің емдеу ісі жөн­ін­­­дегі орынбасары Бақтыгүл Мұсағалиева, хирур­гия бөлімінің мең­­герушісі Бақытбек Жамантаев, дәрігер-хирург Азамат Мақұлбеков, Талғат Сәкен, жансақтау бөлімінің меңгерушісі Берік Белатов, терапевт дәрігер Сейткамал Исмайлов, Шахмардан Смайлов,­ онкология бөлім меңгерушісі Сәуле Жансарина, Ұлдана Абуоваға алғыс айтады. Сонымен­ қатар, жұмыстарына табыс пен абырой тілейді.

«Өскен өңір» ақпарат.
26 ақпан 2019 ж. 1 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (9311)

17 маусым 2025 ж.

№43 (9310)

14 маусым 2025 ж.

№42 (9309)

10 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30