Алғыс айту – азаматтықтың белгісі
Әуелде, көне түркі тілінде алғыс сөзі «алкыш – algis» деп аталып, «мадақтау, ізгі тілек айту» мағынасында қолданылған. Сондай-ақ, алкыш, алғыс кейбір түркі халықтарында, мысалы, алтайлықтарда өтіну, жалбарыну, сахаларда әртүрлі рух иелеріне арналған мадақтау, жалыныш деген мағынада қолданылады. Мұны әсіресе, ислам дінін қабылдамаған жұрттың фольклорынан анық байқауға болады. Нұрсан Әлімбайдың пікірінше, алғыстың түптөркіні алас, аластау сөзінен, онтологиялық тұрғыдан келгенде аластау ғұрпынан бастау алады. Аластаудың негізгі мәні жамандық әкелетін жәдігөй немесе озбыр күштердің ықпалынан құтқару екендігі белгілі. Алғыстың да түпкі мәні – ризашылық білдіру арқылы жамандықтан ада болуды тілеу.
Алғыс тек «ізгі ниетті» ғана білдірмейді. Қазақта алғыс сөзі, әдетте, үлкен бір істің атқарылып біткен кезінде, яки болмаса жас адамның үлкен қарияға жасаған игілікті іс-әрекетіне қатысты айтылады. Яғни, қазақтағы алғыс ежелгі сипатын өзгерткен, басқа бір құдіретке жалыну емес. Керісінше, қазақ алғысы ризашылық белгісі, игі іс атқарған адамға деген ерекше қатынасты көрсетеді. Сол себепті қазақ жастары үлкеннің алғысын алуға тырысқан.
Қазақ алғысы нақты адамға қарата айтылады, сөйтіп, ол екі адамның бір-біріне деген ізгі ықыласын білдіреді. Оның басты мақсаты жақсылық істеген адамға ризашылық білдіру, алғыс алған адамның көңіл қош болып, ырыс-берекесі арта түседі деп ырымдаған. Қазақта алғысты риза болған адам айтады, оны сұрап алмайды, басқа түркі халықтарындағыдай арнайы алғысшылар болмайды.
«Алғыс айту күні» мерекесін қалай қабылдадық?
2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Сол жылы тұңғыш рет Алғыс айту күнін атап өттік. Елімізде тұратын барша ұлт пен ұлыс өкілдерінің бір-біріне деген ыстық ықыласын білдіру және тағдыр тоғыстырған халқымыздың ортақ тарихқа деген тағзым ету күні болды.
Ғалымдар «Алғыс айту» күнін тарих ақтаңдақтарын ашу үшін аса қажет деп, ал, ұстаздар қауымы жастардың бойына адамгершілік, қайырымдылық, туған жерді сүю, еліңнің ізгі қасиеттерін біліп, бағалау қасиеттерін сіңіретін мереке деген пікірде болды.
Елімізді мекендеген этнос өкілдері, кешегі қуғын-сүргінді бастан кешкендердің ұрпақтары, әсіресе қазақ жеріне бала да болса, ес білген жаста келгендер, Елбасы жарлығына бірауыздан қолдау білдірді. Соның арқасында қазіргі ұрпақтары өз тарихи Отандары бола тұра неліктен қазақ жерінде жүргенінің шынайы тарихын біледі.
Алғыс айту күні ынтымақты нығайту үшін белгіленді деп түсінемін. Бұл күн бірліктің бастауы болары анық. Қазақстандағы әр этнос өкілінің өз тарихы бар. Сондықтан, олар 1 наурыздың Алғыс айту күні болып аталуын тек ризашылық күні емес, тарихтан сыр шертетін тағылымды мереке деп қабылдайды. Бүгінде көптеген ел Қазақстанды өздеріне үлгі ететіні де бекер емес. Алғыс айту күні – біз жеткен жетістікті жастарға аманаттайтын жарқын мереке. Мереке қазақ халқының бойындағы бауырмалдылық қасиеттерін өскелең ұрпаққа үлгі етіп, болашағымыздың жарқын болуына сеп болатын үлкен бастау.
Мереке халықтық сипат алу үшін не істеуге болады?
Елбасының осы мерекені белгілеу туралы айтқанда: «Барлық этностардың бір біріне мейірбандық танытып, адамдарды өз туғанындай қабылдаған қазақтарға алғыс айту күні ретінде тойланып келеді. Ол күн бізді бұрынғыдан да гөрі жақындастыра түспек» деген сөздерді – ұрпақтың өз тарихын білуін, сол қиындықта шыңдалған татулық пен бірлікті нығайта түсуін көксеуден туған сөз деп қабылдауымыз керек.
Бұл – қажеттілікті уақыттың өзі талап еткендей, ХХ ғасырдың зұлматын қайталанбауы үшін оны бастан кешкен халықтар жадысын жаңғырту мақсатында пайда болған мереке.
Қай діннің қасиетті кітабын алсақ та, ұлы Жаратушы адамдар әлдебір жайларды жүректері ризашылық сезімге толып еске алулары үшін белгілі бір оқиғаларды мереке ретінде атап өтуге үкім етеді. Сондықтан жылына бір рет барша қазақстандық осы өмірде жер басып жүргені үшін, алдыңғы толқын көрген қасіретті көрмей өсіп жатқаны үшін, таңымыз уайымсыз атқаны үшін алғыс айтуымыз керек деп ойлаймын.
Әзірлеген
Жұлдызай Ноғайбайқызы.