ЖАРТЫ ҒАСЫРДАН СОҢ ЖЕТКЕН СУРЕТ
Шиелі өңірінің айнасы – «Өскен өңір» газетінің оқырманмен жүздескеніне – 80 жыл уақыт өтіпті. Басылым өз ғұмырында аудан айнасы болумен қатар, қаншама талантты жасты тәрбиелеп шығарды. Солардың бірі «Өскен өңірдің» өз «баласы», төл баласы – Сәрсенбек Бекмұратұлы. Ол жастық жігерін, күш-қуатын сүйікті газетіне арнап, жазудың сырын әрі үйренді, әрі өз өрнегін сала да білді. 20 жылға жуық еңбек етті. Мен де мектеп қабырғасында жүргенде «Өскен өңірдің» жергілікті жердегі тілшісі, жанашыры болдым. Мектеп өмірінен үзбей жазып тұрдым. 1968 жылы Сәрсенбек екеуміз әскер қатарына бірге шақырылып, Мәскеу әскери округіне аттандық. Екеуміз екі әскери бөлімшеге түстік. Кейін екеуміздің мақсатымыз бір болғанымен, жолымыз бөлек болды...
Жақында қуанышты жағдайды басымнан өткердім. Сол қуанышымды алғашқы ұстазым болған «Өскен өңірдің» оқырманымен бөліскім келді...Әдеттегідей өзіміздің республикалық «Жеті сыр» газетінің редакциясында отырғанбыз. Қызметкерлердің бірі Баян Тәкенова ұялы телефонына келген қоңырау арқылы әлдебіреумен сөйлесе бастады. Сөз арасында «Әйгерім... Алматы» деп қалды. Қасына таяу барып, «Бұл кім?» – дедім. Ол баяғыда бірге оқыған курстасы Әйгерім Әмірова екенін айтты. Журналист екен. Әнші Роза Әлқожамен абысын-ажынды жандар.
Баян сөйлесіп болған соң, оған әскерге бірге барған ақын құрдасым Сәрсенбек Бекмұратұлын таба алмай жүргенімді және сұрастырып көру керектігіне өтініш білдірдім. Сөзге келген жоқ, қоңырау шалды.
Арада 10-15 минуттай уақыт өткенде, Әйгерім қайтадан телефон шалып, құрдасымның «Алматы ақшамы» газетінде қызмет істейтінін және телефон нөмірін хабарлады. Ерекше қуанып кеттім. Дереу нөмірді теріп, қоңырау жібердім.
– Алло! Бұл кім? – дейді. Баяғы таныс дауыс.
– Құдіретілләмін ғой.
– Рахметуллаев па? – деп сұрады.
Тегімді ұмытпапты. Мақұлдадым.
– Өзің қайда жүрсің?
– Жетісайдамын.
Әрі қарай шамалы уақыт сөйлесіп, біраз жағдайға қанықтық.
– Есіңде ме, 1968 жылы қараша айында Қызылорда теміржол вокзалында екеумізді жолдас жігіттер әскерге шығарып салған еді ғой? Сонау Мәскеуге...
– Иә-иә...– деп ентелей түстім.
Сонда түскен сурет менде әлі сақтаулы. Өлең кітабыма басылған.
– Маған жіберсейші.
– Электронды поштаңды айт.
Сурет ертеңіне, яғни жарты ғасырдан соң келді. Солдан оңға қарай: бірінші – Сәрсенбек Бекмұратұлы, төртінші – мен. Басымда қара құлақшын бар. Бұдан басқа, өзінің бірнеше жеке суретін, бір топ өлеңін жіберіпті. Бір өлеңі – «...Сұлу Сырдың жерінде» деп аталыпты. Екеумізге арналған сияқты.
Біз екеуміз туылыппыз бір күнде,
Бәлкім, содан ұқсастық бар күлкіңде.
Сен де мендей жан екенсің жыр құмар,
Ал, кәнекей, жырыңды оқы, іркілме.
Бәрі де ұқсас: жымиғаның, наз үнің,
Сыршыл жаның. Риясыз әзілің.
Тағдыр бізге бір мезетте сыйлапты,
Күн шуағын, таңның нұрлы жарығын.
Сен туыпсың ақ мақталы өңірде,
Науаи мен Зулфияның елінде.
Ал, мен болсам, сұлу Сырдың жерінде,
Ән мен жыры қалықтаған көгінде.
Дүниеге келіппіз біз бір күнде,
Ағыл-тегіл жырыңды оқы, іркілме.
Алыптардың мекенінде туыппыз,
Алыптардан жұрнақ қалмау мүмкін бе?!
Иә, осылай. Екеуміз де биыл 70 жасқа толамыз. Бұл ғұмырда жетпісінші асуға жету де оңай емес. Ол да, мен де шөбереліміз. Алла Тағаланың, сосын тағдырдың берген сыйы – бұл өмірімізге ризашылық білдірдік.
Құдіретіллә РАХМЕТУЛЛАЕВ,
Өзбекстан Журналистер одағының
мүшесі.