Дін беріктігі – ел тыныштығы
Сыр өңірінде бүгінгі таңда діни тұрақтылық қалыптасып, халықтың 95 пайызы дәстүрлі ханафи мазхабын ұстанып, салт-дәстүрін сақтап келеді. Дегенмен де, әлемде радикалды секталардың белең алып, діни экстремизм, терроризм мәселелері бірқатар елдерде өршіп, қалың бұқара халық зардап шегуде. Ең өкініштісі, терроризмді ислам дінімен байланыстырып, теріс бағыттфағы радикалды секталардың әрекеттері орын алуда. Ауданда жат ағымның жетегіне кетіп, адасып жүрген бауырларды қайта ортаға алып келу барша азаматтың міндеті. Себебі олар, бірімізге туыс, аға-әпке болса енді бірімізге жекжат болып келеді. Сондықтан, рухани дүниетанымымызды байытып, дәстүрді ұлықтайтын шараларды көптеп өткізуді мақсат тұтқан дұрыс.
Аудан көлемінде ақпараттық түсіндірме тобы дін саласындағы өзекті мәселелерді, экстремизм мен терроризмнің алдын алуда тұрғындармен, жастар, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері арасында тиісті жұмыстар атқарылып келеді. Басты мақсат – тарихи тамырымызға зер салып, дінге байланысты дүниені терең зерделеп бағамдай білу. Ислам діні ұлтымыздың басты рухани негізі, ата-баба ұстанған, қастер тұтқан жолы екенін қоғамға насихаттап, тарихымыз бен елдік санамызды саралап, ұрпаққа бағыт-бағдар беру. Бұл жасөспірімдерге берген игі қадам деп есептеуге болады. Алайда, діннің атын жамылып, жасөспірімдер арасында теріс бағыттағы арам ойын жүзеге асыратындар да бар. Әсіресе, әлеуметтік желілердегі терроризм мен экстремизмді, қатыгездік пен ұлтаралық жанжалға үндеген топтардан аулақ болып, тек қана сенімді сайтқа кіріп, ата-ана бақылау жасап отыру керек. Елімізде 3-4 жылдан бері діни экстремизм, терроризм мәселелерінен жапа шеккендерге кәсіби заңгер, теолог, дінтанушы және психолог мамандар қызмет көрсетіп келеді. Кез келген ата-ана ұл-қызының күмәнді сайттарға кіріп жүргенін не діни ұстанымының өзгергенін байқаса осы мамандарға жүгіне алады.
Елде қалыптасқан ұлттық дәстүр мен діндегі ұстаным Ислам дінімен бірге біте қайнасып жатыр. Сондықтан, қашанда діни сауатсыздық жат қылықтарға бой алдырып, халыққа дүрбелең туғызуда. Бөтен ағымдардың етек алуына жол бермей, елге жанашырлық танытып, жас ұрпақтың заманға сай озық білім алуына, мұсылмандық тәлім-тәрбиемен сусындауына әрбір азамат жауапты.
Жұлдызай НОҒАЙБАЙҚЫЗЫ.