Діни экстремизм дегеніміз не?
Қазіргі уақытта экстремизм мен терроризм мемлекеттер мен қоғамдағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке ерекше қауіп төндіруде, олар дінді өздерінің саяси мақсаттарында қолданады. Дін және оның құндылықтарымен бүркемеленген уағызшылар адамзат қауымдастықтары арасында алауыздық пен өшпенділік туғызып, бүкіл әлемде төзімсіздік пен зорлықты орнатады. «Діни экстремизм» астарында мынаны түсіну керек – дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, соның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдану. Діни экстремизм тар мағынасында діндегі шектен шыққан көзқарастар мен әрекеттерге берілгендік. Мұндай экстремизмнің негізін демагогиямен байланысқан зорлық, агрессия және шектен шыққан қаталдық құрайды. Кең мағынасында бұл ұғым мемлекеттік құрылысты күштеп өзгерту немесе билікті басып алу, мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған діни мотивацияланған немесе діни безендірілген әрекет және осы мақсатта діни алауыздық пен өшпенділікті қоздыру. «Терроризм» терминіне келсек, латын тілінен аударғанда «қорқыныш, үрей» дегенді білдіреді, яғни экстремизм сипатының көрініс табуы. Терроризм зорлықтың аса қатыгез, үрейлі формалары мен әдістері арқылы саяси мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған қызметті білдіреді. Бұл барған сайын түрлі формаларға еніп, қарқынды үрей туғызып келе жетқан қазіргі заманның ең қауіпті әрі болжамы күрделі құбылысы. Террористік актілер адамдардың жаппай қырылуына әкеледі және бұқара халықтың басым бөлігіне психологиялық қысым көрсетеді, материалдық және рухани құндылықтардың бұзылуына, кейде мұндай зардаптардың салдары қалпына келтірілмейтіндей деңгейде орын алады, мемлекеттер арасында алауыздықтар туындату арқылы соғыстардың тұтануына ықпал етеді, әлеуметтік және ұлттық топтар арасында сенімсіздік пен өшпенділіктің пайда болуына әкеледі.
Терроризм бұқаралық және саяси маңызды құбылыс ретінде қоғамда жекелеген топтардың мемлекеттің заңдылығы мен құқығына күмән келтіруімен және сол арқылы өздерінің мақсаттарына жету үшін террорды қолдануларын ақтайтын жаппай «идеологиясыздандырудың» нәтижесі болып табылады. Түрлі қылмыстық топтар өздерінің қылмыстық топтары үшін қолайлы жағдай жасау үшін мемлекеттік билікке ықпал ету, үрейлендіру мен жою мақсатында террорлық актілерді жүзеге асырады. Терроризм – қазіргі жаһанданушы заман қатерлерінің бірі, ол өзінің формалары мен көріністерінің ауқымдылығы және жиілігінен, адамзатқа қарсылығы мен қаталдығы тұрғысынан әлемдік қауымдастық алдындағы түйткілді мәселеге айналды. Діни экстремизм мен терроризмнің әлеуметке әкеліп жатқан зияны аса қауіпті, оның көрініс табуы келесідей: – қоғам мен мемлекетке психологиялық және материалды шығыннан бастап, жеке тұлғаның өмірін қиюға дейін; – азаматтық өшпенділік немесе алауыздықты тұтатудан бастап, өз алдарына мемлекеттің конституциялық құрылымының өзгеруін және 28 оның аумақтық тұтастығының бұзылуын мақсат ететін бірқатар заңсыз қарулы құрылымдардың қызмет етуіне дейін.
Дін Орталығы Қызылорда ФБ парақшасынан.