Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «ТЕРРОРИЗМ - ДІНГЕ ЖАТ ҰҒЫМ»

«ТЕРРОРИЗМ - ДІНГЕ ЖАТ ҰҒЫМ»


Дін мәселелері бойынша қоғамдық пікір алмасу, дін саласы бойынша мамандардың халықпен тығыз өзара-қатынасына жол ашу, деструктивтік діни ағымдарға қарсы сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроризм көріністерін болдырмау, зайырлылық принциптерін түсіндіру, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттің ұстанымындағы толерантты байланысты насихаттау, жастардың жат діни ағымдарға қарсы имуннитетін қалыптастыру мақсатында Шиелі ауданында «Терроризм - дінге жат ұғым» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтуде. Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастырған шарада Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Қайруллаев Айдын Бөкенбайұлы, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, философия ғылымдарының докторы (PhD) Бекбосынов Ермек Төленұлы, Ахмет Ясауи университетінің аға оқытушысы тарих ғылымдарының докторы (PhD) Тажібаев Рашид ИбраҺимұлы, ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы, АТТ мүшесі Абуов Болатбек Ұласқанұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, дінтану ғылымдарының магистрі, АТТ мүшесі Жаппасбаев Әлібек Бақытжанұлы және БАҚ өкілдері қатысты. Коференцияда баяндамашылар Шиелі ауданына қарасты кент және ауылдық округтер әкімдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ТҚК және АТТ мүшелері, АІІБ-нің қызметкерлері (учаскелік ж/е ювеналдық полицейлер), мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Зайырлылық және дінтану» пәнінің мұғалімдері, ҮЕҰ жетекшілері, діни бірлестіктер өкілдері (мешіт имамдары), тұрғындар, белсенді жастарға деструктивтік ағымдардың алдын алудағы діни сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, жат ағымдардың жастарға ықпалы және одан сақтандыру жайлы ойларын ортаға салуда. 
Нурлан Ташим-Теги

28 сәуір 2018 ж. 1 713 0