Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА ЖАТ АҒЫМНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ

СТУДЕНТ ЖАСТАРҒА ЖАТ АҒЫМНЫҢ ҚАУІПТІЛІГІ ТҮСІНДІРІЛДІ


Жастарды деструктивті діни ағымдардың арбауынан сақтау маңызды іс. Ол үшін жастар мен жасөспірімдер арасында діни экстремизм мен теріс ағымдардың идеологияларына қарсы иммунитет қалыптастыру жұмыстарын жүйелі жүргізу қажет. Осы мақсатта «Қызылорда облысының ішкі саясат басқармасының Дін мәселелелерін зерттеу орталығы» КММ-нің және Ақпараттық түсіндірме тобының ұйымдастыруымен түсіндірме жұмыстарына арналған шаралар атқарылып келеді. Осындай жиынның бірі Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің акт залында өтті. «Жоғарғы руханиятты қалыптастырудағы жастар рөлі» тақырыбында өткен кездесуде Дін мәселелерін зерттеу орталығы директорының орынбасары Аралбек Боранбаев мен орталықтың бөлім басшысы Жеңісбек Дәрібаев студент жастарға «Рухани жетілуде салт-дәстүр мен діннің рөлі» тақырыбында әңгімелесе, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі Назира Аймаханова «Жастар тәрбиесі – қоғамның іргетасы» тақырыбы аясындағы өрелі ойларын ортаға салды. Сонымен қатар, айтыскер ақын Мамыр Байдәулетов «Рухани құндылықтардың тұлғалық келбеті» жайлы жастар ұғындырып, деструктивтік ағымдардың ұлттық құндылықтарға тигізер зияндылығын түсіндірді.
Кездесу соңы пікір алмасуға ұласып, студенттер мамандарға дін мен дәстүрлі жайлы сауалдарын жолдап, кең мағлұмат алды. Мұнан әрі шара университет жатақханаларында жалғасты.
Ерқанат СӘРСЕНБАЙ,
«Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының
Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ маманы
10 сәуір 2018 ж. 2 352 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930