Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТЕОРИЯМЕН ҰШТАСҚАН ТӘЖІРИБЕ

ТЕОРИЯМЕН ҰШТАСҚАН ТӘЖІРИБЕ

Дін мәселелері бойынша қоғамдық пікір алмасу, дін саласы бойынша мамандардың халықпен тығыз өзара-қатынасына жол ашу, деструктивтік діни ағымдарға қарсы сауаттылықты арттыру, діни экстремизм мен терроризм көріністерін болдырмау, зайырлылық принциптерін түсіндіру, ұлттық құндылықтар мен мемлекеттің ұстанымындағы толерантты байланысты насихаттау, жастардың жат діни ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында «Арман» мәдениет үйінде «Терроризм – дінге жат ұғым» тақырыбында ғылыми-танымдық конференция өтті. Шараға аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов төрағалық етті.
Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының дін мәселе­лерін зерттеу орталығы ұйымдастырған шарада облыс­тық ішкі саясат басқармасының басшысы Айдын Қайруллаев, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, философия ғылымдарының докторы (PhD) Ермек Бекбосынов, Ахмет Ясауи университетінің аға оқытушысы, тарих ғылымдарының докторы (PhD) Рашид Тәжібаев, ҚМДБ-ның Қызылорда облысындағы өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің бас имамы, АТТ мүшесі Болатбек Абуов, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің аға оқытушысы, дінтану ғылымдарының магистрі, АТТ мүшесі Әлібек Жаппасбаев және БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияда баяндамашылар Шиелі ауданына қарасты кент және ауылдық округтер әкімдері, аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, ТҚК және АТТ мүшелері, АІІБ-нің қызметкерлері (учаскелік ж/е ювеналдық полицейлер), мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен «Зайырлылық және дінтану» пәнінің мұғалімдері, ҮЕҰ жетекшілері, діни бірлестіктер өкілдері (мешіт имамдары), тұрғындар, белсенді жастарға деструктивтік ағымдардың алдын алудағы діни сауаттылықтың маңыздылығын түсіндіріп, жат ағымдардың жастарға ықпалы және одан сақтандыру жайлы ойларын ортаға салды.

Гүлнәр ДҮЙСЕБАЙ.
04 мамыр 2018 ж. 1 022 0