Дін – діңгегім
Аудандық «Салтанат сарайында» исламтанушы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ғұламалар кеңесінің және республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі Сансызбай Шоқановпен кездесу ұйымдастырылды. Жиынға дербес бөлім басшылары, кент, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, мешіт имамдары, «Дінтану» пәнінің мұғалімдері, медицина саласының қызметкерлері қатысты.
Жыл басынан бері аудан тұрғындарының діни сауаттылығын арттыру мақсатында дәстүрлі дінімізді дұрыс бағытта насихаттау барысында исламтанушы, теолог мамандарын шақыртып кездесулер, семинар-тренингтер өткізіліп келеді. Бұл жолы да осы бағытта «Дін дәне қоғам» тақырыбында кездесу өтті. Шараны аудан әкімінің орынбасары Б.Жаниязов жүргізіп, діни ахуал тұрақтылығын сақтау жайы айтылды. Онда жат ағымның жетегінде кеткен азаматтарды райынан қайтару, діни ахуал тұрақтылығын сақтау, сондай-ақ, дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру және діни экстремизмнің алдын алу жұмыстарын тақырыпқа арқау етті.
– Сыр өңірінде бүгінгі таңда діни тұрақтылық қалыптасып, халықтың 95 пайызы дәстүрлі ханафи мазхабын ұстанып, салт-дәстүрін сақтап келеді. Дегенмен де, әлемде радикалды топтардың дүрбелең туғызып, діни экстремизм, терроризм мәселелері бірқатар елдерде орын алып, қалың бұқара халық зардап шегуде. Ең өкініштісі, терроризмді ислам дінімен байланыстырып, теріс бағыттағы радикалды секталардың әрекеттері орын алып келеді. Елімізде жат ағымның жетегіне кетіп, адасып жүрген бауырларды қайта ортаға алып келу, барша азамттың міндеті. Себебі олар, біреуімізге туыс, аға-әпкеміз болса, енді біреуімізге жекжат болып келеді. Сондықтан, рухани дүниетанымымызды байытып, дәстүрді ұлықтайтын шараларды көптеп өткізуді мақсат тұтқанымыз дұрыс, – деді Б.Лепесұлы.
Аудан көлемінде ақпараттық түсіндірме тобы дін саласындағы өзекті мәселелерді, экстремизм мен терроризмнің алдын алуда тұрғындармен, жастар, мемлекеттік және бюджеттік сала қызметкерлері арасында тиісті жұмыстар атқарылып түсіндірме жұмыстары діни ахуалдың қалыптылығына септігін тигізіп келеді. «Шиелі жұртының дәстүрден өрілген парасатты ортасы бөтен ағымдардың етек алуына жол бермей, жоғарыда айтып кеткендей, бүкіл елімізге ортақ рухани қазыналарымызды осы жерден іздеп, солардан сусындап нәр алсақ, онда кез келген жат ағымдардың етек алуына тосқауыл қойылады деп сенемін», – деп С.Құрбанұлы әңгімесін түйіндеді. Кездесуде өңірдегі діннің қазіргі жағдайы, деструктивтік ағымдардың алдын алу барысына тоқталып, ұлтымыздың болашағын баянды етуде атқарған жұмыстарға сенім білдіріп, мемлекеттің дін саласында игі бастамалары мен жеткен жетістіктері сөз болды. Жиынға қатысушылар Сансызбай ұстазға сұрақ қойып, тұщымды жауап алды.
Жұлдызай Ноғайбайқызы.