Өзің салған үйіңде ешкім қалмады: Мақпал Жүнісованың марқұм әкесі жайлы естелігі елді жылатты
Мақпал Жүнісова өмірден өткеніне 35 жыл болған марқұм әкесін еске алды. Өнерге келуіне әкесінің себепші болғанын айтып, аматанын орындап жүргенін жеткізді.
“Жан әкеміздің орны 35 жыл ойсырап тұр. Топырағыңыз торқа болсын. Мені “ЗИЛ” машинаңызға ойнап жүрген жерімнен отырғызып алып “Кеттік, қызым, сені музыка мектебіне апарам, сен атақты әнші боласың” деп айтқаныз әлі ждымда, қасиетіңізден айналдым, Жан әкешім. Сіз өз парызыңызды жақсы атқарған әкесіз. Балаларыңызға үлкен қамқоршы бола білдіңіз, өз қолыңызбен үй салдыңыз, жан-жағына ағаш отырғыздыңыз, анамызды ренжіткен жоқсыз.
Шопырлық қызметте де алда болдыңыз, қаншама мақтау xаттар алып, тіпті Одақ президентінің атынан алтын сағат сыйға бергені де менің бала жүрегімді бір көкке көтеріп еді. Менің әкеме Брежневтен алтын сағат жіберіпті деп қатты қуанғаным-ай. Өмірден озарыңызда радиодан “Папажан” деген әнімді естіп, бата беріпсіз. !Әнін тастамасын деп аманаттапсыз. Сол аманатыңызды орындап келемін, өнер жолы ауыр екен, әкешім… Топырағың торқа болсын, әруағыңмен желеп-жебеп жатарсың, сағыныш жастары қызыңның көзінен тоқтамай жатыр”, – деп жазды інші парақшасында.
Әнші осы күні қара шаңыраққа ешкімнің ие болып қалмағанын қынжылды. Сол ой мазалайтынын айтып, өкінішін жазды.
“Есіміңді өшірмей, жалғадым ба, Жан әке, әруағыңды сый етіп, алғаным ба, Жан әке?! Арқа сүйер алыптай, асқар тауым сен едің, Әлі талай өзіңді сағынармын, Жан әке! Бүгін өзіңізсіз 35 жыл өтіп кетіпті, балаларыңыздың барлығы дін аман, балаларыңыздың анасы да аман. Бір өкініштісі маңдай теріңізбен тұрғызған қара шаңыраққа балаларыңыздың біреуі тұрып қалмады, бәрі қала қуып кеткені мені қынжылтады. Жан әке біздерге ренжіме, топырағыңыз торқа болсын”, – дейді әнші.
“Мақпал ханым, сіздің әндеріңізді сүйіп тыңдаймын, сізге рахмет! Мерей қызыңыздың тек жақсылығын көріңіз, бақытты болсын, ойлаған армандары орындала берсін! Сіз, әкеңізге өте ұқсайды екенсіз. Жатқан жері жарық, қабыры нұрға толсын!”, “Әкеңіздің топырағы торқа болсын! Көрмеген көшесінен жарылқасын!”, “Сіздің көзіңізден аққан жас менің де көзімнен тоқтамай кетті ғой,аман болыңыз апке,әрбір айтқан сөзіңіз адамға ой қосып ойландырады”, – деп жазды желі қолданушылары.
stan.kz