Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұхит ШЕРАЛИЕВ:«АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ДА ЖЕҢІСПЕН ОРАЛАМЫН»

Мұхит ШЕРАЛИЕВ:«АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНАН ДА ЖЕҢІСПЕН ОРАЛАМЫН»



«Шынықсаң шымыр боласың» деп спортты жанына серік еткен жандар қаншама. Әсіресе, бүгінгі жас буынның темекі мен алькоголді ішімдіктерден ерікті түрде бас тартып, салауатты өмір салтын сақтауға ден қойып жатқаны көңіл қуантады. Сондай жанның бірі – Мұхит Аманкелдіұлы.
Ол, 2001 жылы дүние есігін ашқан. Ауданымыздың тумасы. Бала күнінен спортқа қызығып, оны өмірінің хоббиіне айналдырған. Қазақ спортшыларын өзіне үлгі етіп, «Елімнің Туын көкке көтерсем» деп армандаған. Оның спортқа деген қызығушылығын байқаған әкесі Аманкелді баласына демеу болып, бала арманына қанат бітіруге жұмыс жасайды. Мұхитты мақсатына жеткізу үшін Қызылорда қаласындағы «Жалаңтөс Баһадүр» атындағы спорт мектебіне табыстайды. Оның жаттықтырушылары Болат Кенеев пен Бауыржан Мырзалиевтар: «Мұхиттың бойында қайтпас қайсарлық бар. Алда әлі талай белестерді бағындырады», – дейді.
2016 жылы Екібастұз қаласында өткен Қазақстан чемпионатында, Тараз қаласындағы спартакияда да, 2017 жылы Атырау қаласында болған белбеу күрестен өзін көрсетіп, жүлдемен оралған еді.
Міне, жуырда Жезқазған қаласында өткен чемпионатта мықтылығын танытып, қазақ күресінен өзінің салмағы бойынша жүлдемен оралды. Осы жетістігінің арқасында Монғолия елінің Ұлан Батыр қаласында өтетін Азия чемпионатына жолдама алды. Жеңімпазды қабылдаған аудан әкімі Әшім Оразбекұлы алдағы жарысқа табыс тілеп, қолдау көрсететінін білдірді.
«Спорт – менің өмірім» дейді қатарының алды болып жүрген жас жігіт. Аудан басшысымен жүздескен ол, сенімді түрде Азия чемпионатынан міндетті түрде жеңіспен оралатынын жеткізді.
Болашағынан үлкен үміт күттіретін спортшыны жеңісімен құттықтап, біз де алдағы бәсекеде биіктен көрін дейміз.
Ерұлан БАЛТАБАЙҰЛЫ.
12 мамыр 2018 ж. 2 069 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9234)

03 қыркүйек 2024 ж.

№69 (9233)

30 тамыз 2024 ж.

№68 (9232)

27 тамыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30