Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мақпал Жүнісова: Бақтияр Тайлақбаев таныстары арқылы жолымды кесіп, менің орныма жарысқа аттанған

Мақпал Жүнісова: Бақтияр Тайлақбаев таныстары арқылы жолымды кесіп, менің орныма жарысқа аттанған



Әншілер арасындағы 20 жыл бұрынғы жанжалдың жалыны әлі сөнбепті. ҚР халық әртісі Мақпал Жүнісова 20 жыл бұрынғы өзіне жасалған қастандықты жария етті.

Мақпал Жүнісованың қазақ сахнасында жүргеніне биыл тура 37 жыл, деп хабарлайды HIT TV.
Өнер майталманының бұл жолғы назы мүлде басқа. Айтуынша, әнші Бақтияр Тайлақбаев осыдан 38 жыл бұрын Жүнісованың жолын кескен екен.
«Халық әлі күнге дейін білмейді. Мен шындығын айтып кетейін. «С песней по жизни» деген конкурстың финалы Мәскеуде өтетін. Оған аймақтардң іріктеуі Алматыда өтті. Мен Алматыдағы іріктеуіне қатысып, халық қолпаштап, халықтың даусымен өтіп тұрған едім. Бірақ финалға екі ай уақыт қалғанда ешқандай іріктеуден өтпеген Бақтияр Тайлақбаев деген азамат таныстарын ортаға салып, менің орныма кетті. Сондай әділетсіздіктер болды», – дейді әнші.
Айтуынша, әншілер арасында осындай әділетсіздіктер көптеп кездескен. Жарысқа қатысуың үшін не күйеуің режиссер болу керек, не дирижер болу керек дейді.
Мақпал Жүнісова қазіргі әлемді мойындатып келе жатқан Димаштың жұлдыз болуына мұның қатысы жоғын айтады. Айтуынша, Димаш өз күшімен, дарындылығымен өзін танытқан адам.
29 қыркүйек 2018 ж. 2 490 0