Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЛІКТІЛІККЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

БІЛІКТІЛІККЕ БАСЫМДЫҚ БЕРІЛГЕН

Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен
тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы қазақстандықтардың әлеуметтік
жағдайларын жақсарта отырып, өмір сүру сапасын жоғары деңгейге көтеруге
басымдық берген. Ол үшін әрбір азамат тұрақты жұмыспен қамтамасыз
етіліп, отбасылық кіріс көздерінің біркелкілігі сақталуы қажет. Сонда
елдің ішкі әлеуметтік даму көрсеткіші тұрақталып, мемлекеттік тұрғыдағы
әлеуетіміз арта түседі.
Елбасының Жолдауында айқындалған бағыт-бағдарлар бойынша
жұмыстар тиісті деңгейде жүзеге асырылса, Қазақстан азаматтарының
тұрмысының түзелуі жалғасын таба түседі. Алайда, мұндай тапсырмаларды тиянақты орындау оңай шаруа болмасы тағы бар. Бұл ретте қоғамдық
тәртіпті қамтамасыз ету ісінде әрбір полиция қызметкерлерінің іс-әрекеті
айрықша маңызға ие. Оған Президент Н.Назарбаевтың өзі жіті көңіл бөліп,
ішкі істер саласы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайларының оң шешілуіне
мемлекеттік тұрғыдан зор қолдау көрсетіліп келеді.
Мемлекет басшысы Жолдауында қоғам тарапынан білдірілген сенім
деңгейі және халықтың өзін қауіпсіз сезінуі полиция жұмысын бағалаудың негізгі өлшемдері болуға тиіс
екендігін айрықша атап өтті. Сол мақсатта «Қазақстанның бүкіл қалаларын қоғамдық қауіпсіздікке мониторинг жүргізу жүйелерімен жабдықтау керек», – деді Н.Назарбаев. Сонымен қатар, биылғы Жолдауда Президент еліміздің әлемдік қауымдастық алдындағы абырой-беделі мен бағындырған белестерін
де тілге тиек етті.
Жалпы, биылғы Жолдауда еліміздің экономикалық дамуы мен қоғамдық-әлеуметтік әлеуетіміздің артуы үшін кез келген салада кәсіби біліктілікке басымдық берілген. Себебі, дайындығы мығым, біліктілігі
жоғары маман қай кезде болмасын туындаған мәселенің шешімін оңай тауып, түйінді тез тарқататыны
белгілі.

Өркен ИСМАИЛ, ардагер:

19 қаңтар 2019 ж. 866 0