Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Біз бақытты баламыз

Біз бақытты баламыз


Тәуелсіздік – тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Осы бақытты сезіну үшін кішкентай бүлдіршіндерімізде ұлы мереке қарсаңында мазмұнды шараға белсене атсалысты. Сондай ертеңгілік «Кәусар» балабақшасында өтті.
«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» тақырыбында ұйымдастырылған шараға «қызғалдақ» тобының тәрбиеленушілері қатысты. Бүлдіршіндер бірыңғай аспан көк түсті киімдерімен, жалауларымен сахна ажарын аша түсті. Патриоттық тақырыпта ән шырқап, би билеп, тақпақтар айтты. Бейбіт күннің бейнесін айшықтайтын рәміздер жайлы көріністі сомдады. Балабақша – баланың екінші отаны, алтын ұясы. Жүсіп Баласағұн «Тәлім, тәртіп көрсе бала күнінде, қасиетімен қуантады түбінде» дегендей, баланың кішкентай кезінде алған тәрбиесі келешек өміріне мол азық. Сондықтан, ең алғашқы тәрбие ошағы саналатын балабақшадағы алған білімі, тәрбиесі өміріне тікелей әсер етеді. Осы орайда, балаларға тағылымды тәрбие беріп, жақсы оқуға, туған жерін сүюге, елінің патриоты болуға, ана тілін, тарихын құрметтеуге шақырып, әрдайым балаларды ізгілік пен мейірімділікке баулитын «Кәусар» балабақшасының орны ерекше. Тәуелсіздікке арналған шараға тәрбиешілер де белсене қатысты. Флешмоб билеп, балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде ата-аналар да балаларға тәуелсіздіктің қадірін ұғындырғаны үшін балабақша тәрбиешілеріне ризашылықтарын білдірді.

А.НАЗАРОВА.
25 желтоқсан 2018 ж. 2 704 0