Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Желтоқсанның 18-і күнгі ауа райы

Желтоқсанның 18-і күнгі ауа райы

2018 жылғы 18 желтоқсан 06:0062 Бөлісіңіз: АСТАНА. ҚазАқпарат - Желтоқсанның 18-і күні Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болады, тек батыста ғана жауын болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР БҚО-да ауа райының қолайсыздығынан барлық жолдар жабылды Мереке күні ауа райы қандай болады Қызылордаға биылғы алғашқы қар жауды Кәсіпорын мәліметтеріне қарағанда, республиканың бірқатар аймақтарына тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады және жел күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің жалдамдығы секундына 15-20 метр болады, түнде және таңертең екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, екпіні 25 м/с болады. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел секундына 17-22 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Түнде кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, жолдарында көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында жаяу бұрқасын болады. Қарағанды облысында көктайғақ болады. Ақмола, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Актөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

inform.kz
18 желтоқсан 2018 ж. 1 008 0