Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ВАРШАВА есігін ашты

ВАРШАВА есігін ашты


Елімізде шағын және орта кәсіппен қатар туризм саласының дамуына баса мән беріліп келеді. Елбасының өзі үкіметке «Туризмді дамытудың 2023 жылға дейінгі бағдарламасын» әзірлеуді тапсырған болатын. Осы орайда, туристік аймақтар анықталып, түрлі шаралар ұйымдастыруда.
Аудандағы №244 Ы.Жақаев атындағы мектептің 8 сынып оқушылары Балнұр Балтабай мен Гүлжан Бақытбек география пәнін сүйіп оқиды. Содан да болар, олар жер-су аттары, сая­хаттау, туризм дегенде қатарластарына дес бермей, сайрай жөнеледі. Қызығушылықтарын ғылыми жобаға арқау еткен қос құрбы жуырда Варшаваға жолдама ұтып алды.
Нақтырақ айтсақ, Балнұр мен Гүлжан «Халықаралық экологиялық инженерия және педогогика ғылымдар академиясы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Рухани қала: бабалар мұрасын сақтай отырып, көбейтеміз!» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысқан болатын. 150-ге жуық жобаның ішінен қос қыздың «Қызылорда қаласында туризмді дамыту» тақырыбындағы топтық жұмысы үздік деп танылып, І орынды жеңіп алды. Енді қыздар ұстаздары Жанар Нұртазамен бірге Польшаның Варшава қаласында демалып келмек.
Бұған дейін қыздардың топтық жұмысы облыстық байқаудан жүлделі орынмен оралған болатын.

Гүлхан ЯХИЯЕВА.
09 желтоқсан 2018 ж. 997 0