Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында "Бұл – біздің таулар" фестивалі басталды

Түркістан облысында "Бұл – біздің таулар" фестивалі басталды


Іс-шараның мақсаты – ішкі, спорттық-экологиялық туризмді дамыту. Үш күнге созылатын іс-шара "Сайрам-Өгем" аумағында өтеді, деп хабарлайды BNews.kzоблыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен қолға алынған фестивальге Қарағанды, Ақтөбе, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан 30-ға жуық альпинист арнайы келген. Биік шыңдарды бағындыруға бет алған альпинистерге Түркістан облысының ақсақалдары батасын беріп, салтанатты түрде шығарып салды. 
Бұл іс-шараның мақсаты – ішкі, спорттық-экологиялық туризмді дамыту, облыстың туристік әлеуетін насихаттау және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру. Биылғы фестиваль қазақ халқының ұлы билері - Төле, Қазыбек және Әйтеке биге арналған.  Елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 3 шыңға 3 бидің аты беріліп, альпинистер сол 3 шыңды бағындырады.
Фестиваль аясында велошеру және ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өтеді. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама да бар. 
news.kz
10 тамыз 2018 ж. 2 167 0

Қоғам

АНА – МӘҢГІЛІК ШАМШЫРАҚ
15 наурыз 2025 ж. 51

PDF нұсқалар мұрағаты

№19 (9286)

15 наурыз 2025 ж.

№18 (9285)

08 наурыз 2025 ж.

№17 (9284)

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31