Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында көне дәуірлерге жататын таңбалы тастар табылды

Түркістан облысында көне дәуірлерге жататын таңбалы тастар табылды



Теріскейден неолит, қыпшақ дәуіріне жататын тарихи тастар табылды. Сырлы Созақ ауданында қазба жұмыстарын жүргізген археологтар бұл аймақтан сондай-ақ,жерлеу орындары мен өңделмеген алтын сынықтарын да кезіктірген. Таңбалы тас тарихи құнды жәдігерлері облыстық тарихи өлкетану мұражайында өткен баспасөз мәжілісінде таныстырылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Таңбалы тас Қызылорда, Қарағанды және Түркістан облыстарының шекарасы түйіскен жерде орналасқан. Қазір онда Елбасы тапсырмасына сәйкес зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тарихи ескерткіштерді қайта қалпына келтіру бағытында бұл нысанға айрықша назар аударылуда.
«Өткен жылы бізде жұмысшы тобы құрылып, 104 нысан іріктеліп алынды. Оны "Рухани жаңғыру" кеңсесіне ұсындық. Тиісті ғалымдар зерделеп, біздің облыстан 26 нысан республикалық тізімге ензіліп отыр. Осы тізімнің ішінде Созақтағы таңбалы тас та бар», - деді облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан баспасөзбен кездесуде.
Жобаның мақсаты - қасиетті Түркістан мен Ұлытау арасын жалғаған шежірелі аймақ атын насихаттау. Тарихи ескерткіштерді сақтау. Қазба жұмыстарының бел ортасында жүрген археолог, Мәдени мұра» ғылыми зерттеу орталығының ғылыми қызметкеріСағымбай Мұрғабаевтың айтуынша, Таңбалы тас аумағында тарихи 4 нысан анықталып отыр. Алдағы уақытта осы аумаққа туристік бағыттар белгіленбек.
«Негізгі нысандар ретінде ол жерден екі кешен табылып отыр. Ол жерде де зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Жақын арада белгілі болады. Оның ерекшелігі сонда - ол құмды жер болып келеді. Сондықтан, ондағы жерлеу орындарындағы бұйымдар жақсы сақталған», - деді ол.
Аталмыш жұмыстар қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының аясында жүзеге асып жатыр. Ал өңірде 1281 тарихи ескерткіш бар. Олардың жойылып кетуіне жол бермеу үшін тыңғылықты тірлік атқарылуда. Жақында тарихи киелі орындарға арналған аңыз-әңгімелер жинағы жарық көрмек. Сондай-ақ, тарихи ескерткіштерді көпшілікке насихаттайтын арнайы сайт ашылмақшы.
Baq.kz
















  


  








Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!
03 шілде 2018 ж. 1 495 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9187)

19 наурыз 2024 ж.

№22 (9186)

16 наурыз 2024 ж.

№21 (9185)

12 наурыз 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031