G-TIME Corporation компаниясының жаңа кеңсесі ашылды
Жоғары сапа, денсаулық және сұлулық. G-TIME Corporation компаниясының өкілдері осындай ұстанымды алға тартады, деп хабарлады «Хабар 24» тілшісі. 6 жылдан бері отандық нарықта қызмет етіп жүрген компанияның Астанада тағы бір кеңсесі ашылды. Кәсібінен нәсіп тауыр жүрген жандар жаңа орталықта бас қосып, алдағы жоспарларды талқыға салды. Түрлі салада қызмет етіп жүрген бұл жандарды алаңда ортақ кәсіп біріктіреді. Бүгін G-Time компаниясының өкілдері үшін қуанышты күн. Елорданың сол жағалауында кәсіпорынның тағы бір кеңсесі ашылып, бизнестің одан әрі өркендеуіне қадам жасалды. Компания шығаратын өнімнің басты ерекшелігі, тауар құрамында табиғи минерал шунгит бар. Ғалым Мингабаев, компания өкілі: - Шунгит дегеніңіз жер шарында Қазақстанда және Ресейде бар. Ресейде Карелияда, Қазақстанда Шығыс Қазақстан облысында. 2012 жылы құрылған компания шунгиттен жасалған өнімдерді отандық нарықтан бөлек әлемнің 85 еліне экспорттайды. Ал тауарлар қатары 40-тан асады. Бүгінде негізгі зауыт Алматы өңірінде орналасқан. Тауарға деген сұраныстың артуына байланысты алдағы уақытта тағы бір зауыт бой көтермек. Ғалым Мингабаев, компания өкілі: - Пластинкалар шығарамыз. Ұялы телефондарға арналған, адамның ағзасын қорғайды. Қазіргі кезде бастың ісік ауруы көбейіп кетті. Жапонияны алатын болсақ, барлық адамдар осындай пластинкамен жүреді екен. Бүгінде ресейлік мамандар шунгитті медицина саласында кеңінен қолдануда. Олар шунгиттен тері ауруларына қарсы тұратын түрлі жақпалар жасай бастаған. Отандық компания өкілдері де осы бастаманы қолдап, денсаулыққа пайдасы зор өнімдер қатарын арттыруды жоспарлап отыр.
www.24.kz
www.24.kz