Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жарқын болашақтың соны сүрлеуі болмақ

Жарқын болашақтың соны сүрлеуі болмақ


«Егемен Қазақстан» газетінде басылған Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы қызу талқыланып, қолдауға ие болуда. Жазбаның «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы екендігін баршамыз бағамдадық. Әлемдік аренадағы тәуелсіздігімізді саясат сахнасы арқылы мойындата отырып, ұлттық бет-бейнемізді саралау жарқын болашақтың соны сүрлеуі болмақ. Осы тұста, Ұлт Көшбасшысы ұлттық сананың өзіндік рөліне баса мән беріп, болашақта атқарылар ауқымды міндеттерімізді де нақтылап беріп, іргетастың бас­ты тетігіне айналдыруда тамыр-тарихы тым тереңде жатқан салт-дәстүрлерімізді, жасампаз жәдігерлерімізді, тарихи тұлғаларымыздың бейнелерін, игі істерін белгілі бір тапсырмалар жүктеу арқылы пайдаланудың мән-маңызы ерекше екендігін де алға тартқан болатын. Сонымен қатар, кешегі мен бүгінгіні сабақтастыра отырып, өзара ішкі үйлесімділікті табу арқылы ұлттық бірегейлікті сақтаудың, ұлттық сана-сезімнің өрісін кеңейтудің маңызы аса зор болмақ. Себебі, ұлттық сипаттағы өркениетке қол жеткізген жасампаз мемлекеттің ғұмыры ұзақ болатынын тарих сан мәрте дәлелдеген.

Шамшат Оразымбет,
«Шиелі ауданының әйелдері»
қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
30 қараша 2018 ж. 1 681 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930