Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жеті санының киесінде жетістік көп

Жеті санының киесінде жетістік көп


Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы ретінде барша қазақстандықтардың жаңаша көзқараспен қарауына жол ашты.
Аталмыш мақаланы талқылай келе, 1969 жылы Есік қорғанынан табылған «Алтын адам» номинациясы тарихи ғылымда Қазақстандағы археологиялық мектептің негізін қалаушылардың бірі көрнекті ғалым, археолог Кемел Ақышевтің арқасында дүниеге келді. Ол бүгінгі бүкіл әлемге әйгілі есік қорғанын зерттеді. Онда киімі толығымен алтыннан жасалған сақ жауынгері, алғашқы «Алтын адамы» табылды. Ақышев Есік қорғанын қазу барысында әлемде біздің дәуірімізге дейінгі IV-III ғасырларда Жетісуді мекендеген сақтардың бірегейлі мәдениеті туралы жаңа бетті ашты.
ҚР Ұлттық мұражайы «Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі» халықаралық көрме жобасының шегінде Есік қорғанында табылған сақ жауынгерін қасынан табылған тарихи заттардың жинақтамасын көрсетті.
Осы арқылы, біздің «Алтын адамды» әлем мұражайлары таныды. Соның жалғасы ретінде Қазақстанда тұңғыш рет аудандар арасынан бірінші болып, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ыбырай Жақаев атамыздың 125 жылдық торқалы тойының қарсаңында шежірелі Шиелі жеріне «Алтын адам» табан тіреді.
Елбасының осындай мақаласы келешек ұрпақтың санасын жаңғыртып, ұлы даланың әлі де ашылмаған сырларын ашуға үлкен бағыт берді.
Бұл мақаланың түп түйіні тарихи, ұлттық мәселелерге тоқталып, әсіресе, мәдениет пен архив, музейдің жұмыстарын жандандыруға арналған міндеттерді нақтылап берді. Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейін ашуға толық мүмкіндік бар екеніне және біздің де келешекке деген ойымыз ұшталды. Осындай байлығымызды халыққа көрсетуге туристік жобалар ерекше мәнге ие болып отыр.
Мақаланың әр бөлімі ерекше тарихи жоба. Архив деректерін белсенді түрде цифрлы форматқа көшіру – бұл өз тарихына деген құрмет. Ұлт тарихын санаға сіңіру – барша қазақстандықтардың басты міндеті.

Құттықыз Ыханова,
Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру
тарихы музейінің директоры.
30 қараша 2018 ж. 2 134 0