Ұлы дала тарихы – Ұлт болмысы
Тамырсыз тал болмайды,Тарихсыз ел болмайды, – деп келетін мақал Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының бар мәнін ашып тұрғандай.
Осы мақаланы оқи отырып Алтай мен Атыраудың арасын, Ертіс пен Есілдің жағасын мекендеп, Қаратаудан Ұлытауға дейінгі ұлы даланы жайлаған ұлтымыздың ұлылығына, бабаларымыздың батырлығына тағы бір мәрте қанықтым. Осы орайда, жуырда «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында архив қызметкерлері арасында кең көлемді талқылау өтті. Шара барысында ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашатын ауқымды жобаны іске асыру бағытында келелі әңгіме қозғалды.
Еліміздің тарихын түгендеп, өткенімізді жаңғыртып, өшкенімізді қайта жағу жолында «Архив-2025» жеті жылдық бағдарламасының маңызы біздің салаға айтпаса да белгілі. Себебі, ұлтымыздың ұлылығын дәлелдейтін деректер мен тарихи тың материялдар шаң басқан архивтер мен ұлы тұлғалардың еңбектерінде екені ақиқат. Міне, осы орайда, Мемлекет басшысының ұсынып отырған «Ұлы даланың ұлы есімдері» және «Ұлы дала тұлғалары» сынды жобаларды, мақалада көзделген мақсаттарды жүзеге асыру жолындағы атқаратын рөлін ерекше деп санауға болады. Аталған мақалада жоғарыды айтылған тарихи тың деректер мен архивтерден табылған құнды құжаттар ұлттық сарындағы жаңа деректі және көркем фильмдердің сценарийлеріне арқау болатыны айтылған.
Қорыта келгенде, ұлттық санасы жаңғырып, рухани жаңғыру жолында тарихын түгендеп, атына қайта мінген қазақтың кеудесін ешкім баса алмайды.
Жанат Кенебекова,
аудандық архивтің архивисі.