Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістанның сиырды құрметтеу себебі неде?

Үндістанның сиырды құрметтеу себебі неде?














Жаяу жүргіншілер жолында асықпай өтіп бара жатқандарды Үндістандағы сиырларға теңейтін сәттерге куә болған шығарсыз. Үнді халқының сиырлары жаяу жүргіншілер жолымен өте ме? Бұл теңеу қандай жағдайға байланысты айтылған? Үнді халқы барлық жан-жануарға ерекше құрметпен қарайды. Соның ішінде сиыр түлігіне деген сый-құрметі ерекше. Себебі оны мейірімділіктің, даналықтың, бейбітшіліктің символы ретінде танып, аналық қасиеттері көптеп кездеседі деп қабылдайды















Үндістанда сиырдың қасиетті жануарға айналуы жөнінде бірнеше аңыз бар. Үнді мифологиясына сүйенсек, қаза болғаннан кейін көкке жеткенше өзенді кешіп өту қажет. Мұны тек қана сиырдың құйрығына жалғану арқылы жүзеге асыруға болады. Пуранда (ежелгі индуизм жазбасы) жазылған дерек бойынша, тәңір мұхитты жаратқанда, одан барлық арманды орындайтын Камдхен сиырын алған. Үнділер барлық сиырды Камдхен санайды, оларды да жақсылап бағып-қағып, қастерлесе, кез келген арманды орындауға қабілетті деп сенеді. Сиыр – асыраушы. Себебі сүт те, өзге сүт өнімдері де адам денсаулығына аса пайдалы.


Дереккөз: massaget.kz 
08 қараша 2018 ж. 1 851 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9325)

05 тамыз 2025 ж.

№57 (9324)

02 тамыз 2025 ж.

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031