Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Келбетті көшені қашан көреміз?

Келбетті көшені қашан көреміз?


Иә, біз айналасы мұнтаздай таза, қараған жанға қыздың жиған жүгіндей әдемі көрінетін көше бойын қашан көреміз? Неге, Шиелінің жолдары бордюрға жарты метр жетпей жығылып қала береді осы? Кейінгі кезде жолдар жіңішкеріп, тротуар мен жол шетінің арасы ұзарып, бірте-бірте алыс­тап бара жатқандай. Тіпті, қабат келген қос көлік соқтығыса жаздап, көшеге әзер сыйып жатыр. Соңғы уақытта аудандағы жол көлік оқиғаларының да жиілеп кетуіне бір жағынан осы жағдай да себеп секілді. Өйткені, жырымшылап жасалған кейбір көшелерде көлік тізгіндеу қиындық туғызып отыр. Көпшіліктің көкейінде жүрген бұл мәселе, түнеукүні кент әкімінің елге берген есебінде де тұрғындар тарапынан көтеріліп, аудан әкімі тікелей Ғ.Аманжоловқа түйткілдің түйінін тез арада тарқатуды тапсырды.

Кент халқы көтерген мәселе бұрын-соңды газетімізде жазылып, шашылған қоқыстың суреттерін талай жариялап та жүрміз ғой. Дегенмен, осы жолы кентті жаяу аралап, орталықта орналасқан кей көшелердің жағдайын көзімізбен көруді жөн санадық. Арғы шеттегі Шыныбековты емес, бас көше аталып кеткен Ясауи даңғылының бойындағы жаяу жүргіншілер жолымен жүріп келе жатып, кенттің көркін қашыратын бірнеше кемшіліктерді көзіміз шалды. Сапасы тым төмен жасалған жүргіншілер жолының тастары мүжіліп, кей жерлері арыққа айналып, су жиналған. Тобықтан келетін топырағына сәл ылғал тисе болды, лайға айналып кетеді. Әйтпесе, бюджеттен қыруар қаржы жұмсалған осы тротуардың тасын жаңалап, шетін ауыстырып, қайта жөндеуден өткеніне де көп уақыт болған жоқ. Десе де, қазіргі күйі көңіл көншітпей тұр.
Жалпы, біздің жер жұмсақ болғасын ба, әйтеуір орталықтағы осындай тротуарлардың көбі жылға жетпей жерге кіріп, жоғалып кете береді. Осының бір амалын табуға болмай ма? Мүмкін астын қалыңдатып, арнайы техникамен жақсылап таптағаннан кейін бетіне тас­ты төсеу керек шығар. Қалай болғанда да осы келеңсіздіктің ретін тауып, тротуарларды ретке келтіргеніміз жөн. Өйтпеген жағдайда, батпағы бетіне шыққан тротуардан тұрғындар аяғын алып жүргенімен, аяқ киімін алып жүре алмай жатыр.

Жан Төре.
04 ақпан 2018 ж. 1 200 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031