Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Үндістер сиыр үшін мұсылман адамды сабап өлтірді

Үндістер сиыр үшін мұсылман адамды сабап өлтірді

Үндістанның Раджастхан штатында бірнеше үнді азаматы мұсылман адамды сиыр етін сатумен айналысатын контрабандашы деп қалып, оны өлімші етіп ұрып-соққан. Бұл туралы Рейтер хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ауылына сиыр әкелген Ақбар есімді фермер мен оның жанындағы жолдасына кем дегенде бес үнді азаматы шабуыл жасаған. Бір топ ауыл тұрғыны мұсылман дінін ұстанған Акбар мен жанындағы досын сиыр сатумен айналысатын контрабандашы деп ойлап, оларды соққыға жыққан. Кейін оқиға орнына полиция шақыртылып, олар жәберленушілерді ауруханаға жеткізбекші болды. Алайда, полицейлер соққы астында қалған мұсылман адамның есімін ғана біліп үлгерді. Сиыр үшін соққы астында қалған Акбар аурухана барар жолда қайтыс болды. «Біз тергеу жүргізіп жатырмыз және күдіктілерді қамауға аламыз», – деді полиция өкілі.
Айта кететін бір жайт, сиырға зиян келтіргені үшін кек алу секілді осындай оқиғалар 2014 жылы билік басына премьер-министр Нерендро Моди мен Үндістан Халық партиясы келгелі көп болатын болды.
Үнді ұлтшылдық партиясы деп аталған Үндістан Халық партиясы билікке араласқалы елде осындай құқықбұзушылықтар белең алып барады.
Stan.kz

25 шілде 2018 ж. 1 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930