Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жақын күндері Қазақстанда күн суытады

Жақын күндері Қазақстанда күн суытады

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауады, тек еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерлерде екпінді жел соғып, тұман, көктайғақ, солтүстікте жаяу бұрқасын сақталады деп хабарлайды zakon.kz Қазгидромет берген ақпаратқа сілтеме жасап. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман күтледі. Қарағанды, Павлодар облыстарында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

zakon.kz
07 қараша 2018 ж. 1 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30