Саяси құжат серпін береді
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі жақсарту міндеттеріне арналған Жолдауында білім беру мекемелері жанынан «Сарбаз» әскери патриоттық тәрбие беретін орталықтар, курстар ашу жөніндегі тапсырмасы оң өзгерістерге жетелейді.
Сап түзеп, сарбаз болу – ер азаматтың туған жер, Отан алдындағы қасиетті борышы. Ілгеріде баласы әскерге жиналса, әке-шешесі «ұлым ержетті» деп той жасайтын. «Солдат» боп келген азаматы елге аман-есен оралғанда тағы бір ұлан-асыр той қылатын. Әскердің айбыны қазір де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Елбасымыз тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын айқындап көрсетті. Солардың бірі – патриотизмді қалыптастыру. Сондықтан, мемлекет пен әскер үшін жоғары патриоттық сананы дәріптеу – аса маңызды міндеттердің бірі. Елбасы өскелең ұрпаққа айтқан бір сөзінде «Ұлы құндылықтарды ұлықтай білу – әрбір жастың, баршамыздың жауапкершілігіміз.
Патриот болу дегеніміз – өзіңнің ұлы даланың ұрпағы екеніңді мақтан ете білу. Еліңнін жарқын болашағын жасауға өз үлесіңді қосу деген еді. Өз кезегінде аудандық қорғаныс істері бөлімі Жолдау аясында білім беру мекемелерімен бірлесе отырып, жастарымыздың патриоттық рухта тәрбиеленуіне күш-жігерімізді саламыз. Бұл міндетті жүзеге асыру жастарды отаншылдыққа, елі мен жерін қорғауға патриоттық рухта тәрбиеленуіне жасалған нақты қадам деп білемін.
Руслан Шарипаев,
аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы.