Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға патриоттық тәрбие беру - мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі

Жастарға патриоттық тәрбие беру - мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі


Жастарға патриоттық тәрбие беру - бұл еліміздегі мемлекеттік жастар саясатының бір бөлігі. Өз елінің патриоты болу - өзінің ар-намысы және жеке қадір-қасиеті бар кез келген адам үшін әрқашан құрмет. Бұл ретте нық дамып келе жатқан мемлекетте патриоттық тәрбиеге тек шығармашылық үрдіс деп қана бағалауға болмайды. Бұл сонымен қатар еліміздің болашағы жастар үшін күрес, қылмыс пен нашақорлыққа, ішімдікке салынумен және экстремистік пиғылға қарсы күрес. Азаматтарға патриоттық тәрбие беоу бағдарламасының мақсаты жастардың бойында жоғары патриоттық сананы, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттық тірбие жүйесін мақсатты түрде дамыту арқылы оларды Отан мүддесін қорғау жөніндегі азаматтық парызы мен конституциялық міндеттерін орындауға даяр болуға тәрбиелеу.
Сонымен, бүгін насиxат жұмыстарын жүргізу мақсатында 53975 әскери бөлімінің авиациялық эскадрильясынң базасында жалпы білім беру мектептерінің оқушыларына арналған "Ашық есік күндері" акциясы өткізілді. Іс-шараға Алматы қаласы Түрксіб ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының ЛУА подполковник Денис Эдуардович Насыров, "Нұр-Отан" партиясының өкілі Евгений Николаевич Петров мырза қатысты. Оқушяларға арналып мекеме аумағында экскурсия жүргізілді. Бұл іс-шараның мақсаты - казармалар мен басқа да обьектілерге беру, жауынгерлік даңқ бөлмесін көру, армия активімен кездесу, командалық-диспетчерлік бөлмемен, әскери теxникамен және қару-жарақтармен, әскери қызметшілердің тұрмысымен танысу. Сондай-ақ оқушыларға ұшқыш мамандығы және Отан қорғаудың маңыздылығы, ҚР ҚК-нің даму болашағы туралы айтылды. Осыдан кейін балаларға бөлімінің таризы туралы мәліметтер беріліп, тікұшақтар мен ұшақтар (МИ - 26, МИ - 8, МИ - 17, Хьюи "Ирокез") корсетілді. Өз Отанының әл-ауқатты болуын шексіз және риясыз түрде қалау - патриотизмнің ең жоғарғы көрінісі болып табылады.
Отанға, өз xалқына арналған сүйіспеншілік жас өспірімдердің санасында басқа xалықтарға деген терең құрмет білдіру сезімімен ұштасып жатуы тиіс. Оқушылардың алған әсері айтарлықтай болды. Іс-шара соңында бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары оқушыларға білімде табысқа жетуді, Отанғв сүйіспеншілікпен қарауды тіледі. Авторлар атап өткендей патриоттық тәрбие бөлімінің ұшқыштар құрамын оқыту үрдісінде маңызды рөл атқарады.
«Қамшы» сілтейді
10 маусым 2018 ж. 2 518 0