достық өлең
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасының иегері, облыстық мәслихат депутаты, «Шиелі-Жарығы» ЖШС директоры Қасымов Қалмырза Айдарұлына
Шиелінің шамын жақтың,
Жарқыратып көшелерді.
Басқа қонған мұнар бақтың,
Ақ жауыны нөсерледі.
Жарық дүние жарық болса,
Халыққа сол керегі.
Свет жанып қарық болса,
Көп қой елдің берері.
Жарық деген жарқыраған,
Көңіл-күйі адамның.
Таудан бұлақ сарқыраған,
Ғажабындай ғаламның.
Жіптіктейғып соның бәрін,
Басқарып жүр Қалмырза.
Келтір түнде көше сәнін,
Шиелі халқы дән риза.
«Ерен еңбегі үшін» медалін алған «Ақмая» шаруа қожалығының күріш бригадирі, атақты механизатор Дәрібаева Гүлсім Әбілқасымқызына
Ұжымын ұятқа қалдырмаған,
Өзгеге бәйгені алдырмаған.
Гүлсім қыз бригадир ақмаялық,
Атына қамшы салдырмаған.
Айдады тракторды гүрілдетіп,
Күріш еккен алқапты дүрілдетіп.
Туған жер намысын бермеді ол,
Еңбекпен ұзақ жол жүріп өтіп.
Не десек те бүгін жарасады,
Мұндай жанға Алла қарасады.
Жадыраның ізбасары біреу-ақ,
Онымен әлі тарих санасады.
«Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болған РУ-6 ЖШС «Қарамұрын» кенішінің бас инженері
Дүйсенбаев Алмасбек Серікбайұлына
Аймағы кеніштің “Қарамұрын”,
Скважина айнала қарақұрым.
Көрмеуші-ек РУ-6-да осы,
Ұлты қазақ басшыларды бұрын.
Содан бері кадрлар өзгерді,
Олар да кемшілікке төзбеді.
Қазақ жігіттері Алмасбектей,
Инженер болуға серт – сөз берді.
Уранды жоспардан тыс өндірді,
Улы затты адамзатқа жеңдірді.
Жер шарында бейбітшілік болсын деп,
Қазақстан әлемді де көндірді.
Бұл атом тамырдан жойылмады,
Уранға да шектеу қойылмады.
Шетелдер Канада, Жапония,
«Қарамұрын» кенішін мойындады.
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, талантты өнер иесі, іскер азамат Байкенжеев Исабек Сәрсенбайұлына
Қастерлеген өнерді,
Қазақ елі ежелден.
Бәрі қазір көнерді,
Дым қалмады беделден.
Күмбірлеген күй қайда?
Сахнаны бермеген.
Ұрпақ өсіп келеді,
Домбыраны көрмеген.
Халық әні шырқалмай,
Өнердің сәні келген бе?
Не боп кетті бұ қалай,
Бәрібір дей ме мергенге?
Қиналғанда осылай,
Исекең жетті желітіп.
Бастады істі тосылмай,
Өзіне жұртты елітіп.
Төрімізде ән шалқып,
Оркестр күй тартады.
Жанымыз, шіркін, бір балқып,
Саған сенім артады.
Аудандық білім бөлімінің басшысы, танымал педагог, болашағы мол білім саласының білгірі, үкілі үмітіміз, жас жігітіміз Сейілханов Болат Пернебайұлына
Басшы болдың зарықтырған,
Заврайоно табылмай.
Әңгіме көп қарық қылған,
Бұл тақырып жабылмай.
«Ол – жас» болмайды деп,
Көзге сені ілмеді.
«Оны кім қолдайды?» – деп,
Білседағы білмеді.
Неде болса, жеңіп шықтың,
Директор ең мектепте.
Сенен басқа жоқ қой мықтым,
Шәкірттер азап шекпек пе?!
Білім, тәрбие ошақтары,
Батып жатты былыққа.
Кей мұғалім босап қалды,
Төзбей тосын қылыққа.
Білім керек балаларға,
Ұстаздардан өтініш.
Уәде ет, ата-аналарға,
Болмасын енді өкініш.
Өркен Исмаил,
ҚР Журналистер одағының мүшесі.