ДИҚАНДАР МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ
Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өткен шара басталмас бұрын қатысушыларға ауыл тарихы таныстырылып, ынтымағы жарасқан мекенді басқарған азаматтардың есімі аталды. Ал, алғашқы сөзді алған аудан әкімінің орынбасары Т.Жағыпбаров ауылшаруашылығы саласында атқарылған істер мен жеткен жетістіктерді тілге тиек етті. Сонымен қатар, егін көлемін көбейту мен мол табысқа қол жеткізу үшін Сырдария өзеніне салынған тоспаға арнайы тоқталды. Ауыл халқына толағай табыстар тілеп, сөзін қорытындылады. Сондай-ақ, осы тұста ауыл диқандарын әртүрлі номинация бойынша 500 мыңнан 80 мың аралығындағы сертификаттарын табыстады. Атап айтсақ, үздік бригадир номинациясы бойынша Ж.Досов, озат бригадир номинациясымен Б.Пазылов, озат звено номинациясы бойынша Е.Баймағанбетов пен Т.Алдажұманов, Т.Тоқаев, Ә.Өтегеновтерге сертификаттар табысталды. Сонымен қатар, Б.Қойшыбаев, А.Ишанов, М.Тілеулиевтердiң де еңбегі елеусіз қалмады. Және озат комбайнер Н.Әділовке, Ғ.Бейсеновке, озат жетекші Б.Қойшыбаевқа, тасымалдаушы Б.Пірімжанов пен үлес қосқаны үшін П.Данияроваға, аспазшы Қ.Қадірова мен жүргізуші А.Ахатовтар марапатталғандардың қатарынан көрінді. Ал, автокөлік иегері атанған озат звено жетекшісі А.Қалмановқа кілтті шаруақожалық жетекшісі Б.Көпеевтің өзі табыс етті.
Бауыржан Көпеев төрағалық ететін бұл шаруа қожалығында 3 бригада, 130 адам жұмыс жасайды. Биыл 800 гектар жерге күріш еккен. Әр гектардан орта есеппен 59 центнерден өнім алды. Шара барысында сөз сөйлеген шаруашылық төрағасы қызметкерлерге 9 млн. теңге сыйақы ретінде берілетінін айтып, бір серпілтіп қойды. Ал, ауылшаруашылық кәсіподақ төрағасы Ж.Әлиев Б.Көпеев пен Т.Әділовтің кеудесіне «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының шешімімен «Елеулі еңбегі үшін» «Агроөнеркәсіп» төсбелгісімен марапаттады.
Б.Көпеев Төңкерісті түлетіп, ауылда оң өзгерістер, халықтың әлеуметтік-тұрмыстық ахуалын арттыру жұмыстарын жандандыруда. Біз де төрағаға сәттілік тілейміз.
«Өскен өңiр» ақпарат.