Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаратылыс құдіретінің нәзік нышаны

Жаратылыс құдіретінің нәзік нышаны


Мамыражай жаздың әдемі күндері көзді ашып-жұмғанша өте шықты да, Білім күні де келіп жетті. Арнаулы мерекеде барлық адамзат сый-құрметке лайық болғанымен, білім нәрімен сусындатар 1 қыркүйек күні ізгі құшағын жайып­ қарсы алатын мұғалімдері­міз –­ осы гүл шоқтарының иесі болары­ хақ. Осынау күні барлық мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміздің де, оқушыларымыздың да, тіпті, жас мұғалімдеріміздің де өзін оқытқан ұстазына гүлін ала келетіні рас.
«Әйел бақыты», «Ақша гүлі», «Лилия» гүлдері, құмырадағы гүлдер қолдан-қолға өтіп, талай жанды қуанышқа бөлеп жатады. Сол кездегі гүлді алған қыздарымыздың жүзіндегі қуанышты көрсеңіз – ол гүлдің кереметтілігі сонда. Иә, бағалай білгенге жаратылыс құдіретінің нәзік қана нышанына айналған гүлдердің қасиетін ұғыну, түсіну өзінше терең бір ілім. Бұл жағынан қызығушылық танытып, ден қойған жұртшылық та аз емес. Өйткені бұл кәсіп сұранысқа ие. Осындай аты аңызға айналған «Ақша гүлінен» бастап, бүгінгі күнгі «Сакура» гүліне дейін мәпелеп өсіріп отырған, оны осындай сұранысқа ие гүлдерді сатып, адам баласына қуаныш сыйлап жүрген апайымыз Күнімхан Ахмедова. Ол кісінің Шиелідегі хан базарымен теңдес базардың қақ ортасынан орын алған. Өз әңгімемізде: «Адам жанына қуаныш сыйлайтын гүлдер де осылай мәпелеуге және оны бизнес көзіне айналдыруға не түрткі болды?» – деп сұрағанымда, «Мен жастайымнан білім саласында қызмет етіп, құрметті еңбек демалысына шыққан соң, неге гүлдерді халыққа жақындатып, осы Шиелі өңіріне таратпасқа- деп ойладым. Өзім жан-жаққа барғанда, әр түрлі елдің гүлдерін көріп, шіркін, осы гүлдер – Шиелідегі халыққа қолжетімді болса деп ойлайтынмын. Қазіргі таңда, шет елден алдыратын болдым. Шиелінің климаты жайлы. Мысалы: мына гүлдің өсірілу технологиясы, оны көшеттеп отырғыза ма, жоқ әлде егу керек пе? Міне, осындай өзімді мазалаған көптеген сұрақтардың жауабын алдым және Күнімхан апайымның қолжетімді бағада сатылымға қоюы-көңіл көншітерлік дүние. Адам ағзасына да пайдалы гүлдер қатарымен таныстырды. «Әу баста гүлдер жұмақ бағында ғана өскен екен. Олар жер бетіне адамдарды қайғы-мұңнан арылту үшін тасталыпты» дейді. Қара жерге сұлулық орнатқан гүл құбылысын мадақ еткен көп аңыздардың бірі. Аңыз бойынша көпшілікке мәлім раушан гүлі «кәдімгі» роза махаббат құдайы Афродитамен бірге теңіз суының көбігінен жаралған. Гүл тікенегінен жарақаттанып қалған Афродитаның қаны әуелде аппақ раушанды қып- қызыл түске бояған екен. Ежелгі заманда раушан ерліктің нышаны саналып жауынгерлер дулыға орнына осы гүлден жасалған гүлтәжін киіп, қалқандарына суретін ойып салған. Жеңімпаздардың жолына раушан гүл күлтелерін шашып қарсы алған.
Міне, қарап отырсаңыз, қаншама гүлдер тарихы бүгін де елімізге аян – Күнімхан апайға аңызға арқау болған гүлдердей Шиелі кентіне аңыз болып, әр гүліңіз әрбір шаңыраққа бақыт сыйласын деймін.

Ардақ Құрманаева,
Жөлек ауылы.
22 қыркүйек 2018 ж. 1 866 0