Райхан гүлінің денсаулыққа пайдасы
Райхан гүлі адам ағзасын түрлі аурулардан, әсіресе, таз ауруынан, зиянды бактериялардан сақтайды. Райхан гүлінің жапырағы мен гүлінде хош иісті эфир майы болғандықтан, парфюмерияда қолданылады және медицинада дәрі жасалады, ара гүлінен бал жинайды. Сонымен қатар, гүлдің құрамында В1, В2, РР дәрумендері және аскорбин қышқылы бар. Қазақстанда бүл гүлдің нәзік, үзілме, бүнге, памиралай, иісті және келімсек деген 6 түрі өседі. Назарларыңызға райхан гүлінің денсаулыққа пайдасы, емдік қасиеттері жөнінде аздаған ақпарат ұсынамыз. Райхан гүлі – бүйрекке жақсы әсер береді. Құрамындағы эфир майының арқасында бүйректегі тасты түсіруге көмектеседі. Сонымен қатар, райхан гүлінің тұнбасы жоғары температураны төмендетіп, жөтел кезінде және суық тиіп ауырғанда алғашқы көмек көрсете алады. Ол бас ауруын емдейтін қасиетке де ие. Медициналық несеп айдағыш және ішек құртты жоятын дәрмектердің орнын алмастырады. Егер де ауыз қуысынан жағымсыз иіс шыққанын қаламасаңыз, райхан гүлінің бір талын шайнаңыз. Сонда ол барлық бактерияларды өлтіріп, ауыз қуысынан шыққан жағымсыз иісті жояды. Райхан гүлі – иммунитетті көтеруге көмектеседі. Сонымен қатар, тері қышып, дуылдайтын болса, оған райхан гүлдің тұнбасы таптырмас ем. Ол үшін 2 ас қасық райхан гүлінің жапырақтарын алып жарты литр суға қайнату керек. Содан соң оны тұндырып, суытыңыз. Осындай қайнатпаны күніне 3 рет жарты стақаннан қабылдап отырса, тез жазылып кетеді. Райхан гүлдің зиянды тұстары Қай нәрсенің де пайдалы әрі зиянды жақтары болады. Райхан гүлін жүкті әйелдер қабылдауға және эпилепсиямен ауыратындарға, жүрегінің ишемиялық ауруы бар және инфаркт, инсульт алған адамдарға бұл дәрілік шөпті ішуге тиым салынған. Райхан гүл тұнбасын шектен тыс ішуге де болмайды.
Massaget.kz
Massaget.kz