Қазақтың салт-дәстүрлері - ұлттық құндылығымыз
Қасиетті қазақ халқының салт-дəстүрлері өте көп. Өкінішке орай, оның біразы тұрмыс-тіршілігімізде іске аспай, өмірімізден кенжелеп қалды. Осыған байланысты бүгінде жастар біле бермейтін кейбір салт-дəстүрлерге қысқаша тоқталып кетсем деймін. Қазақ халқының əлеуметтік-тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дəстүрдің бір түрі -- қонақжайлылық. Қонақ десе, қоң етін кесіп беретін қазақпыз. Қазан шегелеу (салт) өздері жақсы танитын, əзіл-қалжыңы жарасқан адамдар бір- бірінің үйіне бас қосып барып, «осы үйдің қазанын шегелей келдік» дейді. Үй иесі əзілмен жауап қайырып, «жақсы болды ғой, қазан шегелегіш шебер іздеп отыр едік» деп, қонақ- жайлылық танытып, оларға қонақасы береді. Демек, «қазан шегелеу» қонақ бола келдік, деген ұғымды білдіреді. Қонақасы (дəстүр) қазақтың тарихи аңыз-əңгімелерінде Алаш атамыз өзінің Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс атты үш ұлына енші бөліп бергенде өзіне тиісті еншісін «бұл бүкіл иісі қазақтың бөлінбеген еншісі болсын мұны да сендерге бөліп берейін. Бұл үрім-бұтақтарыңа жалғассын. Бір-біріңе қайырымды болыңдар. Алыстан шаршап- шалдығып келген қонақтың еншісі -- қонақасы болсын» деп аруақты атамыз батасын берген екен. Ауыз тию (дəстүр, ырым). Ақ дастархан үстіне келген дəмнен ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде, ауыз тиеді. Ақсарбас атау. Адамдар қауіп-қатерге ұшырағанында «Аллаһ Тағала мені осы қиындықтан құтқара гөр! Ақсарбас!» деп құдайы атайтын болған. Мұндай жағдайда «Ақсарбас!» деп үш рет айқайлаған. Сосын қауіп-қатерден аман қалғанында əлгі адам ауыл- аймағын шақырып, құдайы тамақ берген. Ақсарбасқа шалынатын малдар: бозқасқа (қой), көкқасқа (жылқы), қызыл-қасқа (сиыр). Адам ақсарбас атағанда қай малын айтса, соны құдайыға союға тиіс. Итаяғына салу (дəстүр, ырым). Жас келіншек бір ауылға қыдырып барғанда, не есік көруге шақырғанда əйелдер не үлкен əжелер оған «итаяғына» сал деп сақина, күміс, жүзік сияқты заттар береді. «Итаяғына салу» деген келіншек босанып келгенде сəбиді шомылдыратын суға яғни «шілде суына» əлгіндей күміс, жүзік, сақина, күміс түйме сияқты заттарды ыдысқа салып жіберіп, нəрестені шомылдырады. Одан кейін əлгі заттарды сол жердегі əйелдер ырым етіп, бөлісіп алып, мəз-мейрам болып тарасады. «Қыз қашар» (дəстүр). «Былайша, қыз қашар дəстүрін өткізетін үйді «болыс үй» дейтін көрінеді». (Х.Арғынбаев). Күйеудің келуін «ұрын келу» десе, қыздың атастырылған күйеуін көруі «қыз қашар» дейді. Бұл «ұрын тойы» өтетін күні болады. «Ұрын той» жастар үшін көңілді, думанды тойлардың бірі. Бұған жас жеңгелер мен жастар қатысады. Күйеуден алынатын «қол ұстатар», «шаш сипатар», тағы сол сияқты кəделер осы жолы беріледі. Екі жастың танысып, тілдесуі де осы тойда болады. Екеуі де бірін-бірі ұнатса, қалыңдық жігітке қыз белгісі орамалын жəне оның іні- қарындастарына да түрлі сыйлықтар береді. Сəукеле кигізу (салт). «Қара мақпал сəукеле, шашың басар жар-жар-ау» (жар-жар). Қазақ салт-дəстүрлерінің түрлері көп. Соның ішінде қалыңдыққа сəукеле кигізудің орны бір бөлек. Себебі, сəукеле -- əйел киімдерінің ішіндегі ең асылы ғана емес, оның жұбайлық өміріндегі елеулі кезеңнің естен кетпес ыстық сəті. Ол бұлғақтап өскен оң жақтағы жəне ақ босаға аттар арасындағы қимас та қызықты кездің ескерткіші. Келіншекке сəукеле кигізудің өзі бір ерекше салтанат. Бұған құда-құдағилар шақырылады. Шашу шашылады. Ақ бата арналады. Сəукеле байғазысының бағасы да олқы болмайды. Сəукелелі келіншек ажарлы да базарлы көрінеді. Оны жұрттың бəрі көруге ынтық. Оның көрімдігі де соған лайық болу керек. Жас отау, сəукелелі келіншек, ойын- сауық, көңілді күлкі жаңа өмірдің бақыт есігін ашқандай əсер етеді. Шаңырақ көтеру (салт). Жас отаудың алғаш рет шаңырағын көтерудің өзі қазақ үшін тағы бір қызықты, ерекше сəт. Мұны қазақ салт-дəстүрін жетік білетін белгілі этнограф жазушы Ахмет Жүнісұлы былай деп жазған: «.... қазақта отаудың шаңырағын жалғызбасты адам көтермейді. Бұған баласы көп, кəрі күйеу керек. Оны қос атпен болса да алғызады. Ыңғайлы жер болып, отау өте үлкен болса кəрі күйеу шаңырақты аттың үстінде тұрып көтереді. Бұл еңбегіне ол не ат мінеді, не түйе жетектейді. Бұған малды отауды көтерткен жақ береді. (А.Жүнісов «Фəниден бақиға дейін»). Əдетте, киіз үйдің шаңырағын ер адамдар көтереді. Ал, жас отаудың шаңырағын кəрі күйеуге көтертуде үлкен мəн, ырым бар. Өйткені, «жасы үлкен күйеу» қашанда елге сыйлы жəне тілектес адам. Жəне күйеу қартайған сайын жұртына қадыры, сыйы арта түседі. Қазақ елі осы жолдан əлі айырылған жоқ. Кəрі күйеу келсе, ауылдың үлкен-кішісі, еркек- əйелі онымен əзілдесіп, бір қағыспай қалмайды. Оның шаңырақ көтеруінде де осындай терең сыйластық бар. Ұлттық салт-дəстүр -- эстетикалық тəрбие берудің құралы. «Өнерлінің өрісі кең» дейді халқымыз. Өнердің қай саласы болса да, адамдарға рухани күш-жігер беріп, ерекше қуаныш, толқу сезімдерін оятады. Қазақтың əдеби, музыка, тұрмыстық, кəсіби фольклоры халықтың ғасырлар бойы болашақ ұрпағын тəрбиелеудегі асыл арналары болып саналады. Айтылған фольклорлық мұралар, қазақтың тəлім-тəрбиелік əдет-ғұрыптарын, салт-дəстүрлерін, түрлі саладағы өнерпаздығын, көркем-эстетикалық талғамын, т.б. ұлттық болмыстың қасиеттерін қамтиды. Сондықтан, ата-бабаларымыздың рухани жəне материалдық, мəдени құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру, əрі соның негізінде оларға ұлттық мəнде тəрбие беру өзекті педагогикалық мəселелердің бірі көптеген педагогикалық ғылыми зерттеулердің өзегіне айналуда. Сондықтан кейінгі жас ұрпақ ұлттық салт- дəстүрлерді құрметтеуі керек.
Э.ТОРТАЕВА
baq.kz